homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханадағы алғыс айту күні
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапханадағы алғыс айту күні

2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтеді.
Алғыс айту күні - ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.

Бұл мерекені біздің кітапхана да өз оқырмандарымен бірге атап өтті. Мерекелік іс-шара Әйгүл Джаниярова, Гүлзия Тлебалдинова және кітапханашы Гүлнар Перковалардың орындауындағы «Туған жер» әнімен ашылды. Кездесу барысында басқа да ұлттың тілдерінде Отанға, туған жерге арналған әндер айтылды. Сондай-ақ, оқырмандарымыз Айдос Айзар «Ақ көгершін», Сайлаубек Азамат «Жаным Қазақ» әндерін орындады. Көрермендермен «Алғыс айту марафоны» өткізілді. Онда «Сөз мергені» және «Біз алғыс айта аламыз ба?» атты конкурстар ұйымдастырылды. 

№29-шы орта мектебінен, Ушанов орта мектебінен келген оқушылар мен кітапханамызға біліктіліктерін көтеруге келген әлеуметтік қызметкерлер кітапханаға деген жылы лебіздерін білдіріп, «РАХМЕТ!» айтты. ШҚМУ-нің профессоры, "В кругу друзей" клубының белсенді мүшесі - Федотова Людмила Андреевна Қазақстанға арнаған өз өлеңін оқыды. Мерекемізге келген қонақтар «Барлық ұлттарға, барлық адамзатқа, Алғыс айтамын» атты кітап көрмесімен танысып, Американ мәдени орталығы ұйымдастырған «Рахмет үшін!» акциясына және балалар бөлімінде өткен «Рахмет айтамын!» сурет байқауына, «Өмір мәні – татулық пен алғыста!» медиа-сабағына, Жастар интеллект орталығындағы «Алғыс айту шебері» ойын бағдарламаларына қатысты. Кітапханадағы алғыс айту күні өте көңілді де, қызықты өтті.

blag1 blag4  
 blag5 blag2  

Байланысшы: Құдайбергенова Нұргүл

тел: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340405
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102