Ақын, журналист, аудармашы Көпен Ерқасовпен кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 03.03.2017 16:32
2 наурыз күні шырайлы шығыстың Марқакөл өңірінде дүниеге келіп, жалынды жырларымен ел құрметіне бөленіп жүрген ақын Көпен Ерқасовпен кездесу өтті.
Көпен Ерқасов - Марқакөл өңірінің жыршысы ғана емес, тәуелсіздік таңы туа сала сол өңіріндегі ауыл –селолардың қазақша атауын қалпына келтіруге ат салысқан, тіл мәселесін көтерген ұлтжанды азамат.
Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Автордың шығармашылығына арналған «Жүрегім соғып тұрғанда » атты кітап көрмесімен кітапханашы Кемешева Меруерт таныстырды. Көрмеге ақын кітаптарымен қоса әр жылдары баспасөз бетінде жарық көрген мақала, өлең-жырлары қойылды. 20 жылдан артық еңбек еткен Марқакөл аудандық «Шамшырақ » газеті сол жылдардағы ақын өмірінен сыр шертті. Одан кейін сөз алған ақын К. Ерқасов өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп, оқырман сұрақтарына жауап берді.
Жазушылар одағы Шығыс Қазақстан бөлімшесінің төрағасы Ә. Қаңтарбаев ақын шығармашылығының ерекшелігіне тоқталып өтті. Ақынның жерлесі, белгілі мәдениет қайраткері Нәбиолда Кемешев Көпенмен бірге қызмет істеген жылдар туралы әңгімеледі. Жазушылар Т. Мағзұмов, С. Қалиғожин сөз алып ақынды мерейтойымен құттықтаса, Оңдасын Елубай «Мереке» күйін тарту етті.
Ақын сөзіне жазылған М. Маниярованың «Марқакөлді аңсау» әнін танымал әнші Гүлнар қайырбекова нақышына келтіре орындап, кездесу шырайын аша түсті.
Домбыра жасаудың шебері, республикаға танымал өнерпаз, марқакөлдік Ж. Тұрдығұловтың туған жерге деген сағынышы мен ақынға деген құрмет сезімін білдіретін, сонау Алматыдан бейнежазба арқылы жолдаған жылы лебізі тыңдармандарды бір серпілтіп тастады.
Ақынның ақық жырларын жаттап өсіп келе жатқан жас оқырмандар Әсем ,
Ақмаралдар ақын өлеңдерін жатқа оқыды.
Жиналған қауым Көпен Ерқасовтың шығармашылығымен танысып, ақынның өз аузынан жырларын тыңдады. Бір ғана кездесуде ақын шығармашылығын түгелдей айтып біту мүмкін емес. Сондықтан оқырмандар назарына ақынның кітапхана қорындағы жинақтары, олардың электронды нұсқасы ұсынылды.
Кеш соңында оқырмандар мен кітапхана әкімшілігі атынан ақынға «Шығыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы мен гүл шоғы тарту етілді. Кеш қонақтары кітап көрмесімен жақын танысып,автормен суретке түсті.
Слямова Зиза
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342270
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы