Кітапханада MakerSpace - ашық шығармашылық кеңістігі ашылды
- Толығырақ
- Құрылды 07.03.2017 09:49
14 наурыз күні кітапханада MakerSpace (Мэйкерспейс) шығармашылық кеңістігі салтанатты түрде ашылды. MakerSpace – ол облыстық кітапхана мен Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің бірлескен жобасы. Салтанатқа баспасөз, мәдениет және білім мәселелері бойынша АҚШ елшісінің кеңесшісі Энтони Пахигян қатысты.
MakerSpace жобасының негізгі идеясы – Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында ел алдына қойған мақсаттарына сай келеді: ІТ - білімнің қалыптасуына аса көңіл аудару, 3D-принтинг сияқты перспективті салаларды дамыту, "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асыру.
Кітапхананың MakerSpace алаңы өз пайдаланушыларына үш өлшемді принтер мен сканер, заманауи компьютер-моноблоктар, 3D-қалам жинағы, қызықтыратын инженерлік жинақтар т.б. ұсынады. Мұнда кез келген пайдаланушы кинестетикалық құм, түрлі-түсті қамыр және басқа да шығармашылық материалдармен жұмыс істеп эстетикалық әсер алса, екінші жағынан 3D-принтер, робот құру негіздерін үйреніп, физика және электроника саласында өз қабілеттерін тексере алады.
Мейкерлер қозғалысының негізі – тәлімгерлік. Қазіргі күні кітапхана менторлар командасын құрды (тәлімгерлер, тренерлер), олар әрдайым кеңестер мен нұсқаулар береді, жаңа құралдар мен қызметтің жаңа түрлерін игеруге көмектеседі. Ол үшін кітапхананың MakerSpace алаңында баршаға арналған үйірмелер, экспресс-курстар, шеберлік-кластары, көрмелер мен шығармашылық кездесулер өткізілетін болады.
Жаны жаңалыққа құмар баршаны бірге үйренуге, жаңа туындылар мен эксперименттер жасауға шақырамыз!
Жоба үйлестірушісі: Әйгерім Тлеуханова
Тел.: 261-333 (ішкі 106)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341897
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы