homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӘдеби банкинг: бизнес саласынан үздік кітап топтамаларының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Әдеби банкинг: бизнес саласынан үздік кітап топтамаларының тұсаукесері

30 наурыз сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада бизнесті тиімді енгізу бойынша шетел авторларының көпшілік оқырман, студенттер, мамандар, қала мен облыс кәсіпкерлеріне арналған үздік топтамаларының тұсаукесері өтеді. Аталған топтаманы Сбербанк филиалы кітапханамызға сыйға тартты.  

«Дамыған елдердің озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу», бизнесті енгізу жеңілдігі бойынша рейтингтер жүргізіп, ары қарайғы жаңғырту міндеттерін шешу – Елбасымыздың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі басымдықтықтарының бірі.

Сыйға тартылған кітап топтамалары әлемдегі экономика саласының белгілі менеджер, сарапшыларымен, психолог-кеңесшілерімен жазылған. Сондықтан, олар бүгінгі реформалар мен ғаламдық өзгерістерге сай жергілікті бизнес-құрылымдардың талаптарына жауап береді. Топтамаларды Өскемен қалалық Сбербанк филиалы әкімшілігінің қатысуымен кітапхана қызметкерлері ұсынады.

Белгілі «Сбербанк кітапханасы» 2009 жылдан бастап басшысы Герман Грефтің тікелей жетекшілігімен қалыптасып келеді. Топтамаға жобалық менеджмент, жеке тиімділік пен бизнес философиясы және Сбербанктің топ-менеджерлеріне міндетті түрде оқуға арналған 70 құнды әдебиет атауы енген. Аталған жоба аясында бестселлерлердің кейбіреуі алғаш рет орыс тіліне аударылғаны мәлім және жобаның барлық кітабының электронды нұсқасы бар.

Барша кәсіпкерлерді, бизнес-құрылым өкілдерін, мемлекеттік қызметкерлерді, бизнес-тренерлерді, экономика мен бизнес факультеті оқытушыларын, жоғары курс студенттері мен барлық қызығушылық танытқан оқырмандарды ірі халықаралық банкпен сыйға тартылған жаңа бизнес-әдебиеттермен танысуға шақырамыз.


                                                                                                      Байланысшы:  Сакпанова Ж.С., тел.261333 (ішкі 123)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339994
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102