«Библиотека Сбербанка» кітап сериясының сыйға берілген топтамасының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 30.03.2017 19:01
Бүгін кітапхана қызметкерлері көшбасшылық, жеке тұлға ретінде қалыптасуға арналған әлемдік авторлардың 24 басылымын барша қонақтар мен оқырмандарға ұсынды. «Библиотека Сбербанка» кітап сериясының идеясы – адамдардың өзін-өзі жетілдіріп, өз әлеуетін ашуға көмектесу.
Ольга Валерьевна Федоренко, Өскемен қ. «Сбербанк России» АҚ Еншілес банкі филиалы директорының орынбасары:
- Бұл жай ғана сыйлық кітаптар емес, аталған кітаптар күнделікті өмірде, әріптестермен қарым-қатынас жасауда, жеке тұлға ретінде қалыптасуға көмек береді. Кітапхана мен Сбербанк арасында ортақ дүние көп. Ол – пайдаланушыларының өмір деңгейін жақсарту, сандық технологияны белсенді енгізу және қызметтерді виртуалды түрде ұсыну.
Анықтама-библиографиялық қызмет орталығының мамандары Жанна Тұрсынбекова мен Анар Бақтыбаева, топтаманы жай ұсынып қана қоймай, әр туындының құндылығына ерекше тоқталып өтті.
- Сыйлық топтамасын біз екі топқа бөліп қарастырдық. Біріншісі – «Менеджменттің үздік тәжірибелері» және екіншісі – «Көшбасшылық, тұлғаның дамуы».
Тұсаукесерге қатысушылар еңбектерге байланысты өз ойлары мен көзқарастарын ортаға салды.
Березинская–Абилова Елена Николаевна, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
- Елбасымыз айтқандай, бүгін көпшілік кәсіпкерлік кеңінен құлаш жайды. Кәсіпкерлікті дамыту үшін жаңа теориялық білім мен үздік тәжірибе қажет. Ал бұл ақпаратты ерекше мұқтаж жандардың кітапханадан ала алуы әрине қуантарлық жағдай.
Желякова Оксана Анатольевна, ШҚО Кәсіпкерлер палатасының экономика мәселелері жөніндегі директорының орынбасары:
- Мұндай сыйлық топтамасы республика көлемінде алдыңғы орындарды иеленетін А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханаға табыс етілуі орынды деп ойлаймын. Мұнда көптеген мәселенің креативті шешуі берілгендіктен, әр оқырмен мен бизнесменге пайдалы болар деген ойдамын.
Ханов Андрей Александрович, Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас консулдігінің атташесі барша оқырманды жаңа топтамамен құттықтап, тұсаукесерге жастардың көптеп келгеніне ризалығын білдірді.
Біздің барша оқырмандарымыз және кітапхана ұжымы атынан Сбербанкке сыйға тартқан осы керемет топтамасы үшін алғысымызды білдіреміз. Оқырмандарды жаңа кітаптармен келіп танысуға шақырамыз.
Байланыс тел. 261333, ішкі 119
| |
|
|
|
Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333,вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343726
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы