Сұлтанмахмұт Торайғыров және Шыңғыстай мектебі
- Толығырақ
- Құрылды 06.04.2017 09:37
Құйрықты жұлдыз ағып түскенде соңынан қалған жарық талайға дейін жан-жағына шуағын шашып, жол көрсетіп тұрады екен. Артына жақсы іс қалдырған адам өмірі де солай, сан жылдар өтсе де ұрпақтарына жол сілтеп тұра береді.
Сондай жарық жұлдыздың бірі – небәрі 27 жыл ғана өмір сүрген алаш қайраткері, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров. Өмірден өткеніне ғасырға жуық уақыт өтсе де ақын шығармашылығы оқырман назарынан түскен емес.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларына түсуі соның айғағы.
Ақынның шығармашылығында шығыс өңірінің алатын орны айрықша. Бір қызығы өңіріміздегі үш бірдей мерейлі мереке осы Сұлтанмахмұт есімімен тығыз байланысты. Үстіміздегі жылы Алаш қозғалысына -100 жыл, Сұлтанмахмұт мұғалім болып қызмет істеген алтын ұя –Шыңғыстай мектебіне 110 жыл, осы білім ордасын салғызған Әбдікерім Ережепұлының туғанына 150 жыл толмақ. Осы үш бірдей айтулы мерекені атап өту үшін 6 сәуір күні сағат 15.00.- де А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында «Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз» атты мәдени шара өткізіледі.
Сұлтанмахмұт – елін емірене, жұртын тебірене сүйген ұлтжанды азамат. Атар таң, батар күнде тек қана ел қамын ойлап еңіреген, ұлтына жан-тәнімен қызмет жасауды мұрат еткен С. Торайғыров аласапыран уақытта бұлқынып тарих сахнасына көтерілді. Ел басқарып жүріп, қазақ балаларының да білім алуына, еуропалық оқуына жол ашқан тұлға - Әбдікерім болыспен танысуы, ақынның Катонқарағай өңіріне келіп, ұстаздық қызмет атқаруына себеп болды.
Кешке жиналғандар ақын өмірімен жақын танысып, шығыс өңіріндегі тұңғыш мектеп – Шыңғыстай мектебі, оның танымал түлектері туралы, алаш арысы, 30 жыл Қаратай елін басқарған, Әлихан Бөкейхановпен бірге оқып, алаш қайраткері болған Әбдікерім болыстың өмірінен қызықты мағлұмат алады.
Адам тарихты жасайды деген рас. Қысқа ғұмырында өлкемізде айтарлықтай із қалдырып, өлмес туындылар қалдырған Сұлтанмахмұт шығармашылығы болашақ ұрпаққа ұлттық рух, өрісті өнеге береді.
https://www.youtube.com/watch?v=jjOTf7RVIfc
Байланысшы: Слямова З.М.
Байланыс тел.: 26-39-46 ішкі (123)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343726
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы