homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБолашаққа бағдар : рухани жаңғыру
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру

Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. «Мен өткен өмірімде Қазақстанға, туған жеріме қандай игі іс істедім»,- деп өзінің істеген ісіне баға беретін кез келді.

Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Сонау Құтты білек тағылымдарында, Дулат шығармаларында, одан бері Әл-Фараби, Абай, Мұхтар, Шәкәрім тағылымдарында рухани құндылыққа үлкен мән берді. Абайдың бес нәрсеге ғашық болып, бес нәрсеге асық бол деген өлеңі бәріміздің санамызда болуы керек. Сондықтан еліміз мықты, жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін өз көзқарасамды ортаға салуды жөн көрдім.
Біз дамыған алдыңғы қатарлы ел болу үшін тілімізді, дінімізді, рухани дәстүрімізді, мәдениетімізді дамытуымыз керек. Дамытқан кезде барлығы бір-бірімен үнемі рухани байланыста болуы шарт. Замана сынына сүрінбей озық дәстүрлерді табысты жаңғыртуымыз қажет. Елбасы бес басымдылыққа ерекше тоқталған екен. Оның біріншісі-бәсекелестік. Бәсекелестік қабілет дегеніміз - ұлттың аймақтық жаһандық нарықтағы бағасы. Ұлттың табысты болуы - оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелестік қабілетімен айқындалады.
18 ғасырдағы Ыбырай Алтынсариннің «Оқысаңыз балалар, шамнан шырақ жағылар» атты өлең жолдары әліде өз құнын жойған жоқ. Білімді, көзі ашық көкірегі ояу болуға ұмтылу-біздің қанымызда бар қасиет.
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін дамыту, жасөспірімдердің интелектісін байыту, балалардың кітапқа қызығушылығын арттыруда біршама қыруар жұмыстар жүргізілуде. Америка Елшілігімен бірлескен жобалар іске асырылуда. Әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларына арналган ағылшын тілі мектебі (ACCESS), шетелдерде білім алуга кеңес беру (EducationUSA), бағдарламалармен оқыған түлектермен жұмыс (білім,тәжірибе алмасу, әртүрлі волонтерлық жұмыстар, мәдени іс-шаралар), «Мейкер спейс» (МаkеrSрасе) алаңы ашылды. Бұл алаңға - мектеп оқушылары шақырылып, оларға компьютерлік бағдарламаулау, ЗД принтермен модельдеу, тренингтер мен шеберлер сабақтары (3D modeling workshop, ElectriCITY club, Arduino club, MakersMovie club, 3D Art) жүргізілуде. Шетелде «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсу үшін әртүрлі тест сұрақтарын шешіп, дайындық сабақтарын өтеді. Мысалы, TOEFL, IELTS, SAT, GRE тестеріне дайындалады. Мектеп оқушыларына арналған тегін ағылшын сабақтары жүргізіледі. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек делінген. 2012 жылы Елбасы 2025 жылы көшеміз деген кезде уақыт көп сияқты еді міне міне одан беріде 5 жыл уақыт өтіп кетіпті. Көп кешіктірмей ауқымды жұмыстар жүргізу міндеті тұр. Қазақ тіліндегі «100 жаңа оқулық» жобасы құптарлық. 100 оқулық әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударылған кезде, аударма дұрыс болса жақсы болар еді. Қазіргі аударма кітаптар өте түсініксіз, оқушылардың сапалы оқып, ұғынуына зиянын тидіреді. Сондықтан орыс тіліндегі нұсқасына жүгінуге тура келеді.
Үшіншіден «Туған жер» бағдарламасы өте құптарлық. 2013-2015 жылдары «Туған жерге тағзым» атты акция өткізілді. Шығыстан шыққан өнерпаздар, ақындар, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері өз аудандарына материалдық-моральдық көмектерін көрсетіп, жалпы облыс экономикасының, мәдениетінің дамуына көп еңбек сіңірді. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Сол себептен сол өлкеге қол үшін беруге әрбір азамат борышты. Туған жердің әрбір-сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. «Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны» атты оқушыларға тәрбие сағаттары өткізіліп, көрме ұйымдастырылды. Соңғы жылдары Қиын-Қырыш шатқалы, Ақбауыр үңгір тасы, Берел қорымы, Рахман қайнары шипажайы, Катонқарағай мемлекеттік табиғи ұлттық саябағы, Мұзтау, Марқакөл ұлттық қорығы туралы бірнеше зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар жасалды.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы құптарлық. Біз кітапхана қызметкері болғандықтан маған бұл жоба жақынырақ. Себебі Тәуелсіздік жылдарында табысқан жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы адамдардың тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшінде, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де, кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек, - деп Елбасы текке айтпаған. Сондықтан жас ұрпақтың патриоттық сезімін ояту үшін, алдыңғы буын ағалардың өткен өмірі үлгі.

 

Байланысшы: Уалханова Рақия Нұралықызы.

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26608896
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102