homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӨрнектелді өлең боп, өмірдің кейбір тұстары
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Өрнектелді өлең боп, өмірдің кейбір тұстары

Кітапханада Халықаралық Кітап күні және авторлық құқық күні басталды. Мереке 19-23 сәуір аралығында өтпек. Оқу залында, балалар бөлімінде, кітапхана алаңдарында кітап көрмелері ұйымдастырылды.

Осы бір күні кітапхана оқырманы, өлкетанушы, Күршім ауданының Құрметті азаматы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, ҚР білім беру саласының үздігі, тарихшы-ақын Советхан Қалиғожинмен шығармашылық кездесу сәтімен ұйымдастырылды.
Советхан Қалиғожин өлең, әңгіме, шежіре, сатиралық шығармалар жазумен қатар, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке баулитын, патриоттық сезімі мен тарихи, ұлттық санасын қалыптастыруда тәрбиелік тағылымы зор тарихи дастандар жазды. Ол «Тәрбие тарландарына тарту» (2010), «Өрнектелді өлең боп, өмірдің кейбір тұстары» (2012), «Нар найман саңлақтары», «Көкжарлы Қаратай батыр» (2014), «Білгің келсе, күлгің келсе» (2016) т.б. кітаптардың авторы.
Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Асқар Алтай онлайн құттықтау-жолдауында: «Ұлт тағдыры – халық боп қалудың кепілі. Шерлі шежіресі десек те артық емес. Менің ұстазым, Алтай өңірінің зиялы азаматы, ұзақ жылдар жас ұрпаққа тәрбие берген ақын Советхан Қалиғожин кітаптары – жоңғар шапқыншылығынан елін-жерін қорғаған Найман батырларының ерліктерін баяндап, зұлмат заманның ақберен арыстары туралы толғанады». – дейді.
Шығармашылық кездесуде қарымды журналист жерлесіміз Айтмұхамбет Қасымов автордың «Нар найман саңлақтары» кітабы жайында баяндап, сонау бір ел басына күн туып, ер етікпен су кешкен аламан шақтарда желдің өтінде, жаудың бетінде жатқан Алтайдың жауға қарсы ту алып, найза білеген батыр ұландары жайлы тарихи-танымдық мағлұматтар берді.
Шығыс Қазақстан облысының білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымынан Н. Базилова С.Қалиғожиннің ұстаздық жолын әңгімелеп, алғыс хатпен марапаттады. Ал, күршімдік кәсіпкер Жанарбек Білімбаев қаламгерге құрмет көрсетіп, сый-тарту жасады. Кездесуге жиналған туыстары, балалары, шәкірттері, әріптестері жылы лебіздерін білдірді.
Советхан аға жастарға «Кітап оқысаңдар білімді боласыңдар, еліміздің келешегі тек білімді ұрпақтың қолында» - деп ұлағатты сөздерін арнады. Кездесу соңында «Күршім елі» гимні орындалып, авторға облыстық кітапхана атынан Шәкәрім еңбектері табыс етілді.

 

 

19 4 1 19 4 3 19 4 5 19 4 2 19 4 4 19 4 12

 

19 4 7

 

19 4 6

 

19 4 8

 

19 4 9

 

19 4 10

 

19 4 11

 

Видео сюжет о встрече можно буде посмотреть в ближайшие дни, по ссылке в ЮТУБ.

Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333,вн.119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340224
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102