Кітап мерекесі
- Толығырақ
- Құрылды 17.04.2017 13:51
Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай кітапханада 19-23 сәуір аралығында ауқымды Мереке өтеді. Бұл күндері кітапхананың пайдаланушылары мен оқырмандары үшін түрлі тақырыптық қызықты кітап көрмелері ұйымдастырылады. «Кітап жайлы кітаптар» көрмесінде кітап шығару ісінің тарихы, әр жылдары жарық көрген басылымдар мен ең қызықты кітаптар тағдыры орын алған. «Керемет басылымдар» көрмесінде көлемі жағынан немесе өзге де ерекшеліктерімен қызықты кітаптар жинақталған.
Мерекенің алғашқы күні, яғни 19 сәуір сағ. 15.00-де Күршім ауданының Құрметті азаматы, бірнеше кітаптың авторы, Советхан Қалиғожиннің шығармашылық кеші өтеді. Педагог әрі кітапхананың тұрақты оқырманы Советхан аға бізге тек өлке тарихын зерттеуші ғана емес, сонымен бірге сатиралық шығармалардың авторы ретінде де танымал.
20 сәуір сағ. 10.00-де кітапхана «Шығыс Қазақстан бойынша жолкөрсеткіш кітаптар» көрмесінің тұсаукесеріне шақырады. Аталған көрмеде кітапхана қорында бар жергілікті баспалардың кітап өнімдері ұсынылады. Олар: “Шығыс Ақпарат”, “Рекламный дайджест”, “Медиа Альянс”, “Шығыс Полиграф”, “Восток-Печать”, “Либриус”. Сондай-ақ, көрмеден жаңа басылымдар мен ҚАЕУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру орталығы баспа орындарының соңғы жылдардағы маңызды баспа өнімдерін тамашалай аласыздар. Сонымен бірге, жергілікті авторлар мен Қазақстан Жазушылар одағының еңбектері де назардан тыс қалмайды. Көрмені тамашалаушылар авторлар, баспа ұйымдары өкілдерімен жүздесіп, сауалдарын қоя алады.
Ең кішкентай оқырмандар мен жасөспірімдерге «Жанды кітап: Әдеби кейіпкерлермен саяхат» атты арнайы бағдарлама ұйымдастырылады. Балалар Гарри Поттермен бірге жаңа фэнтези мен ғылыми фантастика әлеміне саяхат жасаса, Полиглотпен шет тіліндегі кітаптар жайлы мәлімет алып, Білгір атты қызықты ғылымдар бакалавры ғылыми-танымал әрі танымдық әдебиеттермен таныстырады. Робинзон мен Алдар Көсе болса, түрлі елдер мен континенттерге, соның ішінде Қазақстанның көрнекті орындарына ғажайып саяхат жасауға мүмкіндік беретін кітаптарға шолу жасайды.
Кітап мерекесіне келесі авторлар мен жергілікті жазушылар қатысады: Борис Щербаков, Әлібек Қаңтарбаев, Бақытжан Раисова, Айтмұхамбет Қасымов, Советхан Қалиғожин, Наталья Матвеева, Лариса Мартынова, Геннадий Пуссеп, Анатолий Лаптев, Андрей Кратенко. Шығармашылық кештер мен дөңгелек үстел отырыстары, жергілікті авторлардың өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер, өзара пікір алмасулар мен сұрақ-жауаптар бейресми түрде өтеді.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев классиканы оқуды ұнататынын және оны оқуды ұсынатынын айтқан болатын. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде отырмай, кітап оқу керектігіне де баса назар аударған.
Кітап мерекесіне мәдениет қызметкерлері, ұстаздар, студенттер мен оқушылар және барша кітапсүйер қауымды шақырамыз.Ұжымдық топтар үшін тапсырыс қабылданады.
Байланысшы: Рахимбаева Б.С.
Тел.: 26-39-46 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340629
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы