homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханамен танысу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапханамен танысу

Бүгін қаламыздағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын №38 гимназияның 5-сынып оқушылары сынып жетекшілері С.В Будкеевамен кітапханамен танысуға келді.  Балалар Абайдың шығармашылығы туралы викторинаға қатысып, кітапхана қызметі туралы ақпараттармен танысып, көрген білгендері туралы мақала жазу үшін ақпарат жинастырды.

Балалар өздерінің алғырлығымен көзге түсті. Кітапхананың журналистикаға бағытталған «Жасыл студия»-сына қатысқан соң, балалар оқырмандармен, қызметкерлермен сұхбаттасып, тәжірибеден өтті. Библиограф Қалиева Бахытгүл Төбиевна кітапхананың екінші қабатында орналасқан «Адамзаттың Абайы» атты кітап көрмесімен таныстырып, ұлы ақынның тұңғыш кітабы жайлы әңгімеледі.
Балалар үшін танымдық экскурсия жасалып, «Біздің Абай» электронды кітапханасы ұсынылды. «Қара сөздер» және балаларға арналған «Абай 175» атты тоқылған кітабы балалардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар Пушкиннің мәңгілік терегінің қасында сэлфи жасап, әдеби кітаптарды парақтады. Кітапхана балалардың көңілінен шықты. Мұны өздері де растады.
Жанна Сақпанова, кітапхана директорының орынбасары:
- Бүгін біз қала мектептерінің оқушыларына экскурсия жүргіздік. Кітапхана әрқашан оқырмандарын зор қуанышпен қарсы алады. Біздің кітапханада экскурсия жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Кітапхана қызметкерлері үнемі әдебиеттерге шолу жасап, кітапхана қызметтерімен таныстырады. Бүгінгі қонақтарымыз толығымен кітапханаға жазылып, біздің кішкентай оқырмандарымыздың қатарын толтырды.
Ендеше Сіз де біздің кітапханаға келіп, барлық қызмет түрлерімен танысып, біздің оқырманымыз бола аласыз!

chkol 1 1 chkol 1 4 chkol 1 5 chkol 1 10 chkol 1 26 chkol 1 29
chkol 1 28 chkol 1 24 chana 1 14 chana 1 12 chana 1 15 chkol 1 29

 Байланыс тел.: 261 333.ішкі.119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339319
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102