homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Ә. Қаңтарбаевтың «Тұлға» кітабының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Ә. Қаңтарбаевтың «Тұлға» кітабының тұсаукесері

2020 жылы 12 ақпан күні Пушкин атындағы облыстық кітапханада шырайлы Шығыстың қаламы қарымды, ойы орамды қаламгері Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевтың «Тұлға» кітабының тұсаукесері өтті.

 Кездесуге ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, «Шабыт» жас ақындар клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары қатысты.
Басқосуға ШҚ облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы Берікбекова Толқын қатысып, кітаптың тұсаукесерімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Жаңадан жарық көрген «Тұлға» кітабының ғұмырбаяндық, отбасылық кітаптардан басты айырмашылығы – интеллектуалдық сұхбат формасында жазылуында. «Тұлғаның» кейіпкері – Төлеген Бәкейұлы Жирентаев, Семей өңірінің тумасы, ел ағасы, ғұмырында аттан түспеген, өңір басқарған, тұтастай екі қоғамдық формацияны басынан өткерген ер тұлғалы азамат. Кеңес дәуірі кезіндегі ел басқарған азаматтың өсу, өркендеу жолы автор мен кейіпкердің интеллектуалдық сұхбаты арқылы баяндалады. Кітап бетін парақтай отырып, Жирентаевтар әулетінің басынан өткен тіршілік соқпақтары арқылы бүкіл бір өңірдің – Мақаншы ауданының тарихымен, тыныс-тіршілігімен танысасыз.
Қарғалының қасиетті топырағына шыққан бас кейіпкер Төлеген Жирентаевтың өмірі отансүйгіштіктің, туған өлкеге деген шынайы қамқорлықтың нақты көрінісі. 
Сұхбат барысында заман ағымы, ел мен жер, тіл мен діл, ұрпақ тәрбиесі, бизнес пен кәсіпкерлік туралы да сөз қозғалады. Кітап атына сай тамаша безендіріліп, фотосуреттермен толықтырылған.

kantarbaev 1 1 kantarbaev 1 12 kantarbaev 1 7 kantarbaev 1 11 kantarbaev 1 13 kantarbaev 1 14

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова ,тел.26133, ішкі.119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337073
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102