«Бәрі де әйел жайында»: зияткерлік стендап
- Толығырақ
- Құрылды 14.02.2020 09:55
18 наурыз сағ.14.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Насихаттауға лайықты идеялар» атты TEDx конференциясы миссиясы рухында зияткерлік стендап өтеді. Стендап Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай «Бәрі де әйел жайында» тақырыбына арналады.
Зияткерлік стендап – зияткерлік ойын-сауық шарасы. Спикерлер аудитория алдында жеке сөз сөйлейді. Сөз сөйлеушілердің репертуарында маңызды тақырыптарға негізделген авторлық зияткерлік монологтар да бар. Сөз сөйлеушілер шабыт беретін идеялар мен әзілдерді пайдаланып, залмен байланыс орнатады.
Наурыз мерекесі алдындағы шараның басты міндеті – әйелдер тақырыбына арналған бірегей идеялар мен ойларды паш ету: сұлулық пен махаббат, отбасы мен ана, әйелдердің жұмысбастылығы мен ынтымақтастығы, гендерлік теңдік…
Зияткерлік шоуға жаңадан бастаушы және тәжірибелі шешендер, белсенді және шығармашылық спикерлер қатысады, яғни олар мәлімделген тақырып бойынша шын мәнінде айтары бар жандар. Атап айтқанда, авторлық монологтарымен келесі беделді спикерлер сөз сөйлейді: Люция Ильдаровна Абдуллина – филология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры, Елена Николаевна Березинская-Абилова – Шығыс Қазақстан облысы бойынша "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер Өңірлік кеңесінің төрайымы, Ольга Александровна Бобрышева – Шығыс Қазақстан облысы Азаматтық Альянсының атқарушы директоры. Сондай-ақ, шешендік өнер бойынша фотосуретші, блогер және Полиглот Аяужан Өтеулинова мен "31 арнаның" журналисі Индира Кәкімова өз күштерін сынап көрмек.
Шығармашылық шабыт пен шешендік өнер мерекесіне біз барша білімқұмар әрі ізденімпаз жандарды шақырамыз. Сондай-ақ, білім алып, өзін-өзі жетілдіріп, жаңа идеяларға ашық адамдарға да есік ашық. Жаңа, қызықты адамдармен танысып, бос уақытты сапалы өткізудің бірегей мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Байланысшы: Максимова Марина,
тел.: 261-333, 87053180950
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341006
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы