homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВПАРТИЗАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

ПАРТИЗАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЛАРЫ

Партизан қозғалысы Ұлы Отан соғысы тарихында маңызды орын алады. Биылғы жылы 1942 ж. құрылған Партизан қозғалысының Орталық штабына 75 жыл толады. 3 мамыр сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Партизан соғысының батырлары» әдеби көрмесінің тұсаукесері өтеді.  

Сол кездегі «Халық кекшілдері» атанған партизандар қатарында Кеңес Одағының 70-ке жуық ұлт өкілі мен халқы болған. Олардың мақсаты мен мүддесі бір еді, ол – елін, жерін жаудан азат ету. «Халық кекшілдері» неміс фашистеріне бірнеше соққы жасап, қарсыласының біршама техника мен әскери  күшін жойды. Партизандар тұрғындарға моральді рух беріп, жауға тойтарыс беруге жігерлендірді.

Көрмеде Белоруссия мен Украинадағы партизандар қозғалысы, Еуропа аймағындағы Қарсыласу қозғалысы және оккупацияланған жерлерде партизан отрядтарында жаумен күрескен қазақстандықтар жайлы әдебиеттер ұсынылды. Олардың есімдері аңызға айналып, сонау Қазақстаннан шеткері аймақтарына мәлім. Атап айтсақ: Қасым Қайсенов (Ұлан ауданынан), Әди Шәріпов (Жарма ауданы), Тоқтағали Жангельдин (Аягөз ауданы), Григорий Гнидин (Самар ауданы), Мешітбай Хасенов (Үржар ауданы), Василий Абакумов (Риддер қ.) және т.б. Олардың көпшілігі І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медальдарымен марапатталған.

Тұсаукесер барысында Еуропадағы Қарсыласу қозғалысына қатысқан есімдері ұмыт болған жерлестеріміз жайлы мәлімет беріледі. Олар: Рамазан Ерғалиев (Бесқарағай ауданының тумасы), Қабыш Омаров (Абай ауданы), Шаяхмет Боранбаев (Ұлан ауданы), Манас Нұғыманов (Зайсан ауданы). Жерлес партизандар мен Қарсыласу қозғалысына қатысушылар жайлы мәлімет «Шығыс Қазақсан: Танымал есімдер» сайтының «Партизандар» бөлімінде берілген – http://imena.pushkinlibrary.kz.

Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысының куәгерлері азайып барады. Ұлы Жеңістің жалауын көтергендер тіпті санаулы-ақ. Алайда, олардың асқан ерліктері кітап, өлең жолдары мен құжат беттерінде сақталуда. Аталған көрме тұсаукесеріне студенттер, оқушылар, тарих пәні оқытушылары мен филологтар және барша өлкетанушыларды шақырамыз. Келіңіздер, Отан қорғаушылардың ерлігіне бірге тағзым етейік!  

Байланысшы: Әсел Омарова, тел.:26-13-33 (ішкі 123)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339994
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102