homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ1945 жылдың көктемі
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

1945 жылдың көктемі

3 мамыр күні өткен патриоттық сабаққа қала мектептерінің оқушылары, студенттер мен әскери сарбаздар қатысты. Олар ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін, соғыс балаларын өлең жолдарымен, әндерімен құттықтап, алғыстарын білдірді. Ардагерлер соғыс кезімен тұспа-тұс келген жастық шақтарын еске алып, өскелең ұрпаққа тартымды әңгімелеп берді.

Снесарь Александр, әскери қызметкер № 5518 ә/б:
- 9 мамыр – маңызды мереке. Біз ата-бабамыздың ерлігін ардақтап, құрметтеуіміз қажет. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Солардың қайтпас қайсарлығының арқасында бүгін біз бейбіт елде өмір кешудеміз.
Кездесудің құрметті қонақтары – Пьянкова Зинаида Гавриловна, Аубакирова Ленста Рахимжановна, Федотова Людмила Андреевна, Самойлов Иван Никитович, Никкель Любовь Яковлевна, Джаниярова Айгуль Саиндиловна, Сенько Эмилия Николаевна, Братко Виктор Петрович болды. Қонақтар естеліктерімен бөлісіп, кеш қатысушыларымен бірге әскери ән салды.
Зуева Софья, № 4 мектептің 8-сынып оқушысы:
- Мен бұл кездесуге соғыс жайлы көбірек мәлімет алып, ардагерлердің естеліктерін тыңдау үшін келдім. Мен осындай Жеңіске жеткізіп, бізге бейбіт өмір сыйлаған аталарымызды мақтан тұтамын. Менің атам 20 жасында соғысқа аттанған. Ол ұшқыш болып, жарақат алып, соғыс аяқталған соң, қайтып оралған. Мен баршаңызды осы Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын.
Исайкина Екатерина, № 4 мектептің 8-сынып оқушысы:
- Маған бүгінгі кездесу ұнады. Мен барша ардагерлерге денсаулық тілеймін. Біздің отбасымызда атам соғысқа қатысып, қаза тапқан. Біз олардың ерлігін мәңгі жадымызда сақтауымыз қажет.
«Жұлдыз» өнер мектебінің оқушылары кеш қонақтарына музыкалық сәлем жолдады.
«Мамыр вальсі» кітап көрмесі соғыс ардагерлері жайлы мәлімет берді. Сонымен бірге, баян мен гитараның сүйемелдеуімен әскери әндер орындалды. Кеш соңында қонақтар дәстүрлі түрде жыл сайын әзірленетін ботқадан дәм татты.
Құрметті біздің ардагерлеріміз, Сіздерге мың алғыс!!!

 

3 05 1 3 05 3   3 05 4 3 05 5 3 05 6   3 05 7

 

3 05 8

 

3 05 9

 

 

3 05 10

 

3 05 12

 

3 05 13  3 05 14

 

3 05 17

 

3 05 20

 

 

3 05 21

 

3 05 22

 

3 05 18  3 05 19

 

Контакты: Валентина Райхель,тел.231 333,вн.119

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333507
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102