Шешендік өнерден үштілді жастар сайысы
- Толығырақ
- Құрылды 10.05.2017 18:56
“Тілдердің үштұғырлығы» республикалық мәдени жобасы аясында, «Алаш» ұлттық-демократиялық қозғалысының 100 жылдығы және «Бір ел – бір кітап» акциясына орай 12 мамыр сағ.15.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапхананың Америка мәдени орталығында облыс көлемінде алғаш рет шешендік өнерден үштілді «Еркін дауыс» /«Голос свободы» сайысы өтеді.
Сайыс көпшілік алдында сөйлеуді жетілдіру арқылы қазақ әдебиеті мен шешендік өнерді насихаттауға ықпал етуге бағытталған. Сайыстың негізгі мақсаты - қазақстандық тілдердің үштұғырлығы идеясын жүзеге асыру мотивациясын көтеру: қазақ тілін дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қазылар алқасының шешімі бойынша 2017 жылы бүкіл ел болып оқуға ақын-демократ, алаш қайраткері С. Торайғыровтың шығармалары таңдалған болатын.
«Еркін дауыс» сайысының Ережесі кітапхана сайтында наурыз айында жарияланып, жоғары оқу орындарына хабарланды. Бүгінгі күні студенттер мен жоғары сынып оқушыларынан барлығы 35 тапсырыс қабыданды. Сайысқа қатысушылар «Еркін дауыс. Сұлтанмахмұт Торайғыров» тақырыбындағы мәтіндерін үш тілде ауызша ұсынады. Мәселен, С. Торайғыров шығармаларынан үзінділер оқу, ақын өмірінен алынған қызықты фактілер және қорытындылау. Хабарлама ұзақтығы – бес минут, осы уақытта қатысушы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өзінің шешендік қабілетін көрсетуі тиіс.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, анықталады: 13-16 жас және 17-22 жас. Сайыс қорытындысы бойынша қатысушыларға I, II, III дәрежелі диплом мен грамоталар табыс етіледі. Қазылар құрамында: Колесникова Татьяна Андреевна, «Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан Республикасы ағылшын тілі мұғалімдері Ұлттық қауымдастығының вице-президенті; Абдуллина Люция Ильдаровна, филология ғылымдарының кандидаты, журналистика және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының профессоры; Жайлибаева Меруерт Нуржановна, филология магистрі, А.С. Пушкин атындағы кітапхананың анықтама-библиографиялық бөлімінің маманы.
Сайыс ұйымдастырушылары филологтарды, аудармашыларды, студенттер мен оқушыларды және алғашқы үштілді шешендік өнер сайысын қолдауға ниет білдіруші барша азаматтарды шақырады.
Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 261333, ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339484
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы