Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 110 жыл
- Толығырақ
- Құрылды 10.05.2017 19:37
17 мамыр күні сағ.15.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында қазақтан шыққан тұңғыш әскери ұшқыш, жерлесіміз Жақыпбек Малдыбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай еске алу кеші өтеді. Ж.Малдыбаев – көк жүзінде тұңғыш рет із кесіп, бүкіл иісі қазақтың арман мен асқар таудай тілегін асуларға алып ұшқан қыран.
Халқымыздың қастерлі перзенті. Қазақ көгінде жарқырап жұлдыз болып шыға келген ұшқыштың ғұмыры тым қысқа болғанымен артында өшпестей із қалдырды. Жасын тағдыр жарқылы артына сөнбестей күн нұрын, нәрлі шуағын тастап кетті.
Ұшқыштың немере-інісі Болатбек Малдыбаев атасы жайлы естеліктері, сонымен бірге ұшқыш өмірін зерттеуге 25 жылдай өмірін арнаған, «Алтайдан ұшқан ақиық», «Қазақ халқының тұңғыш әскери ұшқышы» атты кітаптардың авторы, жерлес журналист, жазушы Айтмұхамбет Қасымов пен Малдыбаев туралы бірнеше мақаланың авторы Оңдасын Елубайдың тартымды әңгімелері кездесуге ерекше сән бермек.
Жас жеткіншек елінің өткенін білу арқылы келешегіне жол тартады. Бүкіл Қазақстан тарихында қалар елеулі Жақыпбек Малдыбаевтың есімі, оның Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігі, жастардың патриоттық сезімін оятып, үлгі болары сөзсіз.
Туған жер тарихына қызығушылық танытып, оның танымал ұландарына деген шексіз мақтаныш сезімін көңіліне ұялатқысы келетін жастар, тарихшылар, көпшілік оқырмандар үшін еске алу кештің берері мол. Келіңіздер, кеш қонағы болыңыздар!
Байланысшы: Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы, тел. 26-13-33, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338216
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы