Әлеуметтік желілерді кітапхана қызметінде пайдалану
- Толығырақ
- Құрылды 01.06.2017 15:33
31 мамыр күні Күршім аудандық кітапханасында «Кітапханашының әлеуметтік желі қызметін пайдаланудағы кәсіби біліктілігі» атты семинар өтті. Семинарға аудандық кітапханашылармен қатар, шалғай жатқан ауылдық және мектеп кітапханашылары да қатысты. Семинар барысында Облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері әлеуметтік желілерде кітапханалық аккаунттарды жетілдірумен қатар кітапханаға онлайн оқырмандарды тарту туралы тәжірибелерімен бөлісті.
Осы бағыттағы smmplaner, canva сайттарының мүмкіндіктері туралы айтылды. Сондай-ақ, семинар соңында тәжірибелік сабақ өткізіліп, әріптестер бір-бірімен тәжірибе алмасты. Семинарға жиналған кітапханашыларға әлеуметтік желілерден басқа, www.pushkinlibrary.kz сайтындағы «Пайдалы сілтемелер» бөлімімен толық таныстырылып, өз жұмыстарында пайдаланылу ұсынылды.
Семинар барысында түсірілген фотосуреттерді мына сілтемеден көре аласыздар
Байланысшы: Кудайбергенова Н. К.
тел: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342792
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы