Біздің Пушкин
- Толығырақ
- Құрылды 02.06.2017 13:47
Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің туған күні, яғни 6 маусым сағ.11.00-де ақынның ескерткіші алдында ұлы ғұламаның 218 жылдығына және кітапханамызға оның есімі берілгеніне 80 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтеді. Аталған іс-шараға кез-келген ниет білдіруші қатысып, ақынның өлеңін оқып, шығармашылығына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоғын қоя алады.
Ольга Штраубтың жетекшілігіндегі «Ертіс концерт» КМҚК камералы оркестрі мерекеге ерекше рухани толқу сыйласа, «Біздің Пушкин» кітап көрмесі мен «Пушкин ертегілері» балалар суреті көрмесі ақын шығармашылығының сан алуан қырын танытады. Барша қатысушы ұлы ақынның шығармаларын тағы бір мәрте еске алып, оқып, олардың желісінде құралған ребус, викторина, сөзжұмбақтарды шеше алады.
Студенттер, оқушылар, әскери қызметкерлер, мәдениет, білім беру мекемелерінің өкілдері мен ақын-жазушылар орыс ойшылының шығармаларынан қазақ, орыс, қытай, неміс, ағылшын, француз тілдерінде үзінділер оқиды. Кітапхана оқырмандары мен «В кругу друзей» клубының белсенді өкілдері өздерінің сүйікті өлеңдерін оқып, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін паш етеді.
Әрбір ниет білдіруші еркін микрофон алдында ақынның өлеңін оқып, ол жайлы өзінің жылы лебізін білдіріп, шығармашылығына тағзым ете алады. Тіпті ақынның романстарын орындауға да болады, мысалы композитор А.К.Власовтың «Фонтану Бахчисарайского дворца» романсын белгілі жергілікті вокалист Гүлнар Перкова орындайды.
Біз барша оқырмандарды, қала жұртшылығын, ересектер мен балаларды, жастар мен жасөспірімдерді және жырсүйер қауымды гуманист-жазушы, ғажайып лирик, ертегіші А.С. Пушкин шеберлігінен шабыт алуға шақырамыз.
Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 261333, ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340749
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы