Ақынның туған күніне арналған поэзия сағаты
- Толығырақ
- Құрылды 06.06.2017 16:12
Бүгін 6 маусым орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің туған күні. Ақынның 218 жылдығына және кітапханамызға оның есімі берілгеніне 80 жыл толуына орай кітапхана алаңындағы ақын ескерткіші алдында салтанатты іс-шара өтті.
Ольга Штраубтың жетекшілігіндегі «Ертіс концерт» КМҚК камералы оркестрі мерекеге ерекше рухани толқу сыйласа, «Біздің Пушкин» кітап көрмесі мен «Пушкин ертегілері» балалар суреті көрмесі ақын шығармашылығының сан алуан қырын танытты. Барша қатысушы ұлы ақынның шығармаларын тағы бір мәрте еске алып, оқып, олардың желісінде құралған ребус, викторина, сөзжұмбақтарды шешті.
Құмаш Нұрғалиев атындағы колледждің, политехникалық колледждің студенттері, № 25 мектептің оқушылары, біздің тұрақты оқырмандарымыз поэзия сағатына белсенді қатысып, ақын өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінде оқыды.Сондай-ақ, кітапханамыздағы «В кругу друзей», «PROчтение» клубының белсенді өкілдері өздерінің сүйікті өлеңдерін оқып, ақын шығармашылығына деген сүйіспеншіліктерін паш етті.
Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясы Бас консулдығының атташесі Ханов Андрей Александрович ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қатысушыларды мерекемен құттықтаса, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі Наталья Семеновна Матвеева ақынға өлең жолдарын арнады.
Гүлнар Перкованың орындауындағы «Фонтану Бахчисарайского дворца» романсы қонақтарға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.
|
|
|
|
|
|
|
Тел.261 333, 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы