homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАлтайдың әдеби келбеті
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Алтайдың әдеби келбеті

Адамдар әкімшілік-территориялық шекараларын анықтағанмен, табиғи кеңістік бірыңғай. Оның дәлелі керемет те жұмбақ – Алтай. Біз осынау тамаша жерде өмір сүрудеміз, сондықтан шығысқазақстандықтар мен Алтай өлкесінің тұрғындары үшін туған жердің табиғаты, мәдениеті мен тарихы аса қымбат.

Әр адамның Алтайға деген көзқарасы әртүрлі. Әсіресе, сөз шеберлері, олар өлкенің тарихына тоқталып, Алтай келбетінің өзгерістерін сомдап, осы жерде әр кезеңде өмір сүрген және болған адамдар жайлы көркемдікпен суреттей білген.
Сондықтан, біздер үшін Рубцовскілік әріптестеріміз сыйға тартқан Антология «Образ Алтая в русской литературе» басылымының орны ерекше.
Бестомдықтың құрастырушылары  – Алтай мемлекеттік университетінің ғалымдары Алтайға арналған XIX–XX ғғ. әдеби шығармаларды жинап, бір жүйеге келтірген.
Аталған бестомдыққа С.И. Гуляев, Н.М. Ядринцев, В.Я. Шишков, О. Ф. Берггольц, И. А. Ефремов, К. Г. Паустовский, С.П. Залыгин, В.М. Шукшин, Р.И. Рождественский, М.И. Веллер, И.Ф. Жданов, В.С. Золотухин және т.б. шығармалары енген. Әр том кіріспе мақаламен бастау алған. Том соңында ғылыми түсініктемелер берілген.
Біз үшін еңбек құнды, өйткені мұнда жерлес-жазушыларымыз Г.Н. Потанин,  Г.Д. Гребенщиков, қазақстандық анималист-жазушы Максим Зверевтің шығармалары еніп отыр.
Бестомдықтың әр шығармасында өлкеміздің көрнекті орындары Бұқтырма, Громотуха, Мұзтау т.с.с. сипатталған.
Баршаңызды Антологияны оқып, өлкеміздің тылсым табиғаты, адамдарымен танысуға шақырамыз.
                                                          Омарова Асель, тел. 261333, ішкі 123

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26340629
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102