Ресей - Қазақстан: Шексіз оқулар – 2018
- Толығырақ
- Құрылды 27.09.2018 19:40
5 - 9 қазан күндері Шығыс Қазақстан аумағында «Ресей – Қазақстан. Шексіз оқулар» жобасы аясында төртінші рет балалар оқуы мен балалар әдебиеті күндері өтеді. Жоба А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханасы және Ресей Федерациясының Ленинград облыстық балалар кітапханасының бастамасымен, Санкт-Петербург жазушылар Одағы, Пушкин Үйі (РҒА), «Детское время», «Розовый жираф», «Самокат», «Речь», «Поляндрия», «Белая ворона» және т.б. тәрізді Ресейдің жетекші Балалар кітабы үйі / Баспаларының қолдауымен жүзеге асып отыр.
Жобаға қатысушылар арасында – А. Гиваргизов, М. Яснов, С. Махотин сияқты танымал, авторлармен бірге Алматыдан келген қазақстандық жас балалар жазушысы Аделя Амраева да бар.
Осы Жоба аясында ресейлік балалар жазушылары, суретшілер, баспа өкілдерімен кездесулер және онлайн кездесулер ұйымдастырылады, ал Шемонайха аудандық кітапханасында тамаша балалар кітабы қоры сыйға тартылған Халықаралық балалар кітабы орталығы ашылды.
Жобаның мәні – мәдениеттер диалогы, заманауи балалар кітабы кеңістігіндегі интеграция, әртүрлі аймақтағы кітапханашылар корпорациясы, жазушылар, баспагерлер, балалар әдебиеті мен мәдениетін зерттеушілердің серіктестігі.
Биылғы жылы «Ресей – Қазақстан. Шексіз оқулар» Жобасы аясында кәсіби диалогтар топтамасы өтеді, соның ішінде А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы, Новая Шульба к. кітапханасы, Верх-Уба ауылдық кітапханасы, Шемонайха аудандық кітапханалары негізінде.
Санкт-Петербургтан келген қонақтар: жоба авторы әрі үйлестірушісі Людмила Степановамен және өзіндік ерекшелігі бар жазушы, бестселлерлер авторы Мария Семеновамен болатын қызықты кездесуге жергілікті кітапханалық қоғамдастықпен қатар, мұғалімдер, балалар мен олардың ата-аналары, журналистер, жазушылар мен ақындар, әдеби бірлестіктер мүшелері шақырылады. Бағдарламада дөңгелек үстел, шығармашылық студиялар мен мастер-класстар, сонымен қатар тартымды квесттер мен сайыстар қамтылған.
Байланыс: тел. 628980, Ашкенова Жансая
Өскемен қ., Новая Шульба к., және Шемонайха ауданындағы
2018 ж. 5-9 қазан күндеріне арналған іс-шаралар бағдарламасы
5 қазан, Өскемен қ., А.С. Пушкин атындағы кітапхана, мәжіліс-залы:
10.00 – «Я и мои окрестности: Память. Образ. Будущее» балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа кітаптар көрмесі;
11.00 – «Как и где найти своё чтение?» оқырмандардың шығармашылық студиясы;
15.00 – «Явление героя. Видеть. Чувствовать. Говорить» жазушы Мария Семеновамен диалог;
6 қазан, Өскемен қ., А.С. Пушкин атындағы кітапхана:
10.00 – «Новые идеи детского чтения. Как открыть современную детскую литературу в диалоге с детьми? Грезы и практика»: кітапханашыларға арналған шығармашылық студия – модератор Степанова Л.В., ЛОБК жетекші маманы, мәжіліс-зал;
11.30 - «Новая генерация писателей и художников детской книги. Идеи, герои, поэтика. Подтверждение или опережение читательских ожиданий?»: кітапханашылар, мұғалімдер, ата-аналарға арналған дөңгелек үстел - модератор Степанова Л.В., ЛОБК жетекші маманы, мәжіліс-зал;
14.00 - «Книга поколений» семинары («Отбасылық оқу антропологиясы» зерттеуінің жаңа кезеңіндегі сұхбаттасу тәжірибесі) – жүргізуші – Маслинская С.Г., филология ғылымдарының кандидаты, Санкт-Петербургпен онлайн байланыс, № 16 каб.;
15.00 – РФ мемлекеттік балалар кітапханасының маманы Кирилл Захаровпен (Мәскеу қ.) онлайн-кездесу, № 16 каб.
7 қазан, Новая Шульба к., кенттік кітапхана:
Кітапханашылар форумы «Современное детское и юношеское чтение. Стратегии понимания и принятия»
8 қазан, Верх-Уба а., ауылдық кітапхана:
«ГОРЫ. КНИГИ. РЕКА И ЛЕС»: кітап және кітап оқу Күні
Бағдарлама:
«Если идти берегом все на закат и на закат…»: Мир воина и его земли, языковая вселенная и гармония романа «Братья» - петербургтік жазушы М. Семеновамен кездесу;
«Любовь. Радость. Свобода»: суретші В. Салманхановпен кездесу;
«История и судьбы моего рода в рассказах близких и книгах»: үй кітапханасы сөресіндегі кітапқа арналған кездесу;
«Книжный круг: новые встречи»: балалар мен үлкендерге арналған іздеу-ойын, шығармашылық сайыстар;
9 қазан, Шемонайха қ.,Орталық аудандық кітапхана:
Балалар кітабына арналған балалар мен үлкендердің III оқырман форумы
Бағдарлама:
«Я и мои окрестности: Память. Образ. Будущее»: кітап көрмесінің ашылуы, сайыстар;
«Видеть, чувствовать, понимать, или как возникают новые миры в книгах и жизни?»: жазушы Мария Семенованың мастер-класы;
«Моя свобода. Мой мир»: суретші Борис Морозовтың мастер-класы;
Ашық шығармашылық студиялар:
«Прошлое в деталях. Красота и тайна» Шемонайха тарихи-өлкетану Мұражайы қорғаушысымен бірге;
«Испытание с книжным героем»: жаңа кітаптар бойынша квест;
«Птицы, горы и река» - кітаптар мен өмірдегі жаңа ашулар мен қызықты оқиғаларға арналған орындар: сайыс.
Анықтама тел.: 261-333 (ішкі. 119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324086
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы