homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВЭкскурсия бәріне
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Экскурсия бәріне

3 күндік семинарға қатысушы мемлекеттік қызметкерлер, облыс аудандарының өкілдері, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы қызметкерлері бүгін біздің кітапханада экскурсияда болды. Кітапхана қызметкерлері қонақтарды кітапханамен, ондағы қызмет түрлерімен және сайттың интернет ресурстарымен таныстырды.

Тынысбеков Мирас, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының әдіскері:
- Біз кітапханаға тыңдаушыларымызға қажетті де пайдалы мәлімет беру үшін келеміз. Кітапханада мүмкіндігі шектеулі жандармен көптеген жұмыс түрлері атқарылуда. Нашар көретін пайдаланушыларға арналған арнайы залда әртүрлі жасқа жеке-жеке аудиокітап топтамасы ұсынылған. Меломандар үшін музыкалық дискілер де қарастырылған.
Жұматбекова Балнур, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының әдіскері:
- Семинарға қатысушылар «Алаш қозғалысына – 100 жыл» дәрісін үлкен қызығушылықпен тыңдады.
Тұңғыш Президенттің оқу залында мемлекеттік қызметкерлер кітапхананың интернет-ресурсымен танысып, электронды үкімет порталымен жұмыс істеуді игеріп, ақпарат, құжат алу үдерістері жайлы мәлімет алды. Бұл алдағы уақытта кітапхана сайтына кіріп, оның интернет қызметтері арқылы қарамағындағы адамдарға көмек беруге мүмкіндік береді.
Баева Лариса Михайловна, Семей қаласының мемлекеттік инспекторы:
- Мен кітапханаға үнемі келіп тұрамын және әрқашан өзім үшін жаңа мәлімет аламын. Бүгін Жаттығу және салауатты өмір салты бойынша әдебиеттер залы ерекше қызығушылығымды тудырды. Қазір адамдар өз денсаулығын қолға алуда, ал кітапханада тренажермен шұғылданып, қажетті әдебиетті қымбатқа сатып алмай-ақ ақысыз алып оқуға болады.
Тобатаев Ғабит Раушанович, Облыстық денсаулық сақтау басқармасы:
- Кітапханаға жасаған экскурсиядан кейін мен ұлымды осында әкелемін деп шешім қабылдадым. Ол қазір болашақта кім боламын деп ойлануда. Сондықтан осында келіп өз шешімін қабылдайды деген сенімдемін.

 

Байланысшы: Валентина Райхель, тел. 261-333 ,ішкі 119

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26138008
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102