Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл!
- Толығырақ
- Құрылды 03.10.2017 12:06
28 қыркүйек күні Қазақстан әдебиеті тарихындағы шоқтығы биік тұлға, ғалым, академик, энциклопедиялық білім иесі әрі кемеңгер ойшыл Мұхтар Омарханұлы Әуезов 120 жасқа толды.
Мұхтар Әуезовтың туған күнінде, Өскемен қаласында жазушы есімі берілген даңғылда сағ. 11.00-13.00 аралығында облыс орталығының барлық кітапханаларының қатысуымен жалпықалалық кітапханалық акция өткізді.
Бұл күні М. Әуезов даңғылы бойында бейне- және аудио- жарнама жұмыс істеп, автобус аялдамаларында мерекелік кітап көрмелері мен шолулары, әдеби «орындықтар», мәнерлеп оқу, жазушы шығармашылығы бойынша талқылаулар мен викториналар ұйымдастырылды.
Жерлестеріміз «Әуезов жолымен» кітап GPS-не қатысып, жазушы өмірбаяны, шығармалары, даңғылға оның есімінің берілуі, қызықты ғимараттар т.с.с. жайлы мәлімет алды.
А.С. Пушкин атындағы Облыстық кітапхана QR-кітапхана мен Uni Library мобилді оқу залы қызметін ұсынды. Кітапхана сайтында орналасқан онлайн нұсқасы бар интерактивті викторина (http://kray.pushkinlibrary.kz) жерлесіміздің шығармашылығы жайлы білімді тексеруге мүмкіндік береді. Ал қызықты ақпарат пен пайдалы цитаталарға толы «даналық» кітап белгілері барша мерекелік акция қатысушыларына үлестірілді.
Зағип және нашар көретін адамдарға арналған облыстық мамандандырылған кітапхана өз бағдарламасын ұйымдастырды. М. Әуезов даңғылы бойымен жүретін маршруттық автобус жолаушылары да назардан тыс қалмады. Ең белсенді жолаушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Айта кетелік, қыркүйек айында облыс кітапханаларының барлығында жерлесіміздің мерейтойына арналған көпшілік іс-шаралар өткізіледі. Барша шығысқазақстандықтарды Мұхтар Әуезовтың туған күнін бірге тойлап, оның шығармашылығынан жаңа рухани шабыт алуға шақырамыз.
Байланыс тел. 261333, ішкі 119
Бейнерепортаж: https://www.youtube.com/watch?v=hODZWp5r06k
|
|
|
|
|
|
|
Контакты: Валентина Райхель,тел.261 333,вн.119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340405
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы