«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»: ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАҒА А.С. ПУШКИН ЕСІМІ БЕРІЛГЕНІНЕ – 80 ЖЫЛ
- Толығырақ
- Құрылды 10.10.2017 10:01
Өскемен Қалалық Кеңесі Президиумы отырысының 1937 жылғы 19 тамыздағы №17 Хаттамасынан: «Қаулы етті: Өтініш қабылдансын. Қалалық кітапханаға А. С. Пушкин есімі берілсін...». 17 қазан сағ.15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада орыс жазба әдебиетінің негізін салушы ұлы ақын әрі кемел суреткер жазушы Александр Сергеевич Пушкиннің есімі берілгеніне 80 жыл толуына орай мерекелік кездесу өтеді.
Азаттық аңсап, шөлдегенде,
Тазасында арымыздың,
Арнайық, досым туған елге
Игілігін жанымыздың!
– міне, А. С. Пушкиннің осы бір өлең жолдары облыстық кітапхананың жылдар бойғы жұмысының лейтмотивіне айналды. Кітапхананы жергілікті билік, Мәжіліс-Парламенті депутаттары мен демеуші-достары құттықтауда. Мерейтой күніне орай кітапханамыздың жас оқырмандары үшін Бақыршық тау кен өндіру кәсіпорны интерактивті үстел сыйға тартты. Аталған үстел оқу, тіл үйрену, логиканы дамыту т.с.с. мақсатта ыңғайлы. Ал пайдалануы өте қарапайым: қажетті батырмаға жай ғана қолды тигізу арқылы жасырынған кітапты/ойынды ашып, оқып, жауабын іздеп, ойнап, жаңа білім алуға болады. Интерактивті үстелдің тағы бір ерекшелігі – оны бірнеше бала қатар пайдалана алады, ал бұл бірлескен командалық ойындар мен интеллектуалды жарыстар үшін қолайлы.
Мереке күні А.С.Пушкин атындағы кітапхана 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында жарияланған жазғы оқуды қорытындылайды. Барлығы 373 белсенді кітап оқитын балалар мен жасөспірімдер тіркеліп, олар ағымдағы жылы 3 603 кітап оқыған екен. Мереке барысында 6-10 жас, 11-14 жас, 15-17 жастағы топтар бойынша 2017 жылғы кітап оқу көшбасшыларының есімдері жарияланады.
Шығысқазақстандық өскелең ұрпақтың қандай кітап оқитынын кітап көрмесінен тамашалауға болады. Мұнда кітап оқу көшбасшыларының кітаптары, олардың әсерге толы цитаталары, сондай-ақ «сөйлейтін қалам», 3D қалам, ридер сияқты технологиялық ерекшеліктері бар заманауи басылымдар да орын алған. Сонымен бірге, көрмеден тозыңқыраған парақтары бар ең көп оқылатын кітаптарды да таба аласыздар. Мерекенің ресми бөлімі аяқталған соң, балалар мен ересектер интерактивті үстелмен жақынырақ танысып, ойын викториналарына қатысып, кітапхананың 3D принтерінде әзірленген сыйлықтарды иеленетін болады.
Қоғамның мәдени санасы, әрине, кітап және оқумен жаңғырары сөзсіз. Жоғары технология барынша дамыған мына заманда парасатты оқу интеллектуалды дамуды айшықтайды. Осындай маңызды жолда А. С. Пушкин кітапханасы да ат салысып, өз ізін қалдыруда.
Байланысшы: Құдайбергенова Н.Қ., т. 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343444
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы