homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Рухани жаңғыру»: Бориса Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Рухани жаңғыру»: Бориса Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» кітабының тұсаукесері

3 қарашада сағат 15.00 де  кітапханада Б.В. Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» кітабының презентациясы өтеді.
«Енді кемеңгер, ұлы Абай дәуірін қайтару мүмкін емес, сондықтан мен ақын өмір сүрген, өшпес шығармаларын жазған, сүйген жандарымен кездескен жерлерге көңіл тоқтаттым...жазушы Борис Васильевич Щербаков өзінің «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» жаңа кітабының алғысөзін осындай тамаша сөздермен бастаған екен.

Абай шығармашылығын ақын туып-өскен Жидебай өңірінің рухани кеңістігіне терең бойлап, сезіну арқылы зерттеу, Борис Васильевичке Абай шығармаларының ақиқатын ұғынуға жол ашты.
Автор жылдар бойы Жидебай туралы кітап жазуды армандады. Абайдың табиғаттың жаңаруы, халық тағдыры, өмірінің шуақты сәттері бейнеленген шығармаларының әсерін ақынмен бірге бастан кешу – Б.В. Щербаковты өз Абайын табуға және оны ақынның шағын отаны арқылы тануға жетеледі.
Ол осының бәрін Жидебайда ғана сезіне алды ... Абайға барар жолды оның жүріп өткен ізінен іздеу, Қазақстанның рухани жаңғыруына апаратыны сөзсіз, оның қазіргі күні барша қазақстандық үшін маңызы үлкен.
Біз жаңа тарихи дәуірдің алдында тұрмыз, ал, Абай біздің санамыз бен мәдениетімізді, рухымызды жаңа деңгейге көтеретін жол көрсеткіш жарық жұлдыз іспетті. Оның даналық ойлары біздің еліміздің жаңаша сапалы дамуына күш беріп, жол ашады. Бұл – президеніміз Н.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: рухани сананы жаңғырту» мақаласында айтқан рухани жаңғыруы.
Автор кітабында Жидебай елі мен жерінің қасиетін, тарихын, Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан әйгілі адамдары туралы жеткізе әңгімелеген. Жидебайдың көрікті табиғаты, ұлы ақын туып-өскен мекеннің киелі орындары ерекше суреттелен. Кітаптың әр бөлімі Жидебай туралы қызықты мағлұматтар беріп, оқырманды осы қасиетті мекенге жақындата түседі.
Сіздерді 3 қараша сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада Б.В.Щербаковтың «Жидебайдың жұлдызды даласы» – «Звёздная степь Жидебая» кітабының презентациясында күтеміз.) 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26336205
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102