homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылады
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылады

Еліміздің айтулы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында қала халқын ерекше сәтті оқиға күтіп тұр. 14 желтоқсан күні сағ.14.00 кітапханамызда қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену Орталығын ашу салтанаты өткізіледі. Жобаның бас демеушісі – іскер бизнесмен, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты С. В. Коротин.

Мерекелік жиынға жергілікті билік пен жоғары оқу орындарының өкілдері, филолог-мұғалімдер, студенттер мен оқырмандар қатысады.    

Дәл осы күні жаңа әліпбимен таныстыратын алғашқы бейнежазба сабағы өткізіледі. Бейнежазба сабақты Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізеді. Бейнежазба сабақтан кейін қатысушылар онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттаса алады.       

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік саласында іргелі өзгерістер болды. Қазіргі таңда біз Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтқан қоғамның үшінші жаңғыруының куәгеріміз және оған қатысамыз. Жаңғырудың жаңа дәуірінде жаһандық ақпарат кеңістігінен орын алу қажеттілігі көзделген, соның бірі –  латындандыру. Яғни, қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – жаңғыртудың маңызды бағыты. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың айтуы бойынша, бұл ағылшын тілін үйрену, Интернет тілін қабылдау, IT мамандар дайындау және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытуда жағымды жағдайлар жасауы тиіс.

Жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығы көпшілікке ыңғайлы мекеме – А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада орналасқанын атап өткен жөн. Мұнда кітаптарды, Интернетті ақысыз пайдалануға барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, түрлі сала мамандары үшін онлайн кеңестер мен сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен, ашылған Орталық пайдаланушылары жаңа әліпбиді оқып-үйрену көшін бастап, табысты жетістіктерге жетеді деп сенеміз.

                  Байланысшы: Рахимбаева Б.С., 261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26349147
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102