homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР - 2017»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР - 2017»

2017 жылдың 22-26 желтоқсан аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқырмандар қауымы мен кітапханашылар корпорациясы жаңадан шыққан ресейлік балалар кітабы топтамасымен танысып, өз бағасын береді.
Бұл кездесу бірнеше жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарының балалары мен жасөспірімдеріне арналған «РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР - 2017» бірлескен ресейлік-қазақстандық жоба аясында өтпек. Мақсаты – балаларға арналған жақсы кітап пен жағымды оқуды алға жылжыту, сөзсіз, ол сауатты интеллектуалды азаматтарды тәрбиелеуде ең тиімді жол. 

Жоба Ленинград облыстық балалар кітапханасының бастамасымен Ленинград облысы Үкіметінің «Шетелде тұратын отандастармен ынтымақтастық» бағдарламасы аясында Санкт-Петербург жазушылар одағының, ДЕТГИЗ, РОЗОВЫЙ ЖИРАФ, КомпасГИД, САМОКАТ, РЕЧЬ, ФОРДЕВИНД, БЕЛАЯ ВОРОНА баспаларының қолдауымен жүзеге асып отыр. Жоба аясында Өскемен, Шемонаиха, Усть-Таловка, Ұлан аудандарының кітапхана мамандары Ленинград облыстық балалар кітапханасымен және Пушкин үйімен (РАН) бірге «Отбасылық оқу антропологиясы» зерттеуінің белсенді қатысушылары болып табылады. Олар жетекші мамандармен, Ленинград облыстық кітапханасының зерттеушілерімен бірге «Отбасылық оқу антропологиясы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, Шығыс-Қазақстанның оқырман және кітап мәдениетін Санкт-Петербургтегі кітаптар салонында таныстырды. 2016 жылы Шемонайха орталық кітапханасында ашылған «Халықаралық балалар Кітабы Орталығы» ашылып, алғашқы балалар кітабының форумы өткен. Жоба жетекшісі - Ленинград облыстық балалар кітапханасының жетекші маманы Степанова Людмила Валентинова. 

Биыл 22-26 желтоқсанда бастау алатын іс-шаралар бағдарламасы аясында Ресей баспаларында 2017 жылы жарық көрген 100 балалар кітаптары топтамасының презентациясы болады. Бұл басылымдар Шемонайха орталық кітапханасында ашылған «Халықаралық балалар Кітабы Орталығының» кітап қорын толықтырады. Сонымен орыс және әлем әдебиетінің шедеврлерінен тұратын ақысыз сыйлыққа келген кітаптар Халықаралық Балалар Кітабы Орталығының кітап қорын 1000- данаға жеткізді. 

Сондай-ақ, Өскемен, Шемонаиха қалаларында, Предгорное және Прапорщиково ауылдарында мәскеулік балалар жазушысы, Бүкілресейлік «КНИГУРУ» балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма байқауының лауреаты Лариса Романовскаямен кездесулер, кітапхана мамандары, мұғалімдерге арналған шығармашылық шеберхана, дөңгелек үстел отырыстары өтеді.


А.С.Пушкин атындағы кітапханадағы байланысшы: 
Ашкенова Ж., тел. 261333 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26325775
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102