homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітап әлемді жақындастырады
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітап әлемді жақындастырады

«ЖАҚСЫ КІТАП ОҚИЫҚ» - деген атпен 22 желтоқсанда кітапханада Ленинград облыстық балалар кітапханасы сыйлаған кітаптар топтамасының презентациясы өтті. Бұл кездесу бірнеше жыл қатарынан Шығыс Қазақстан облысының шекаралық аудандарының балалары мен жасөспірімдеріне арналған «РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН. ШЕКСІЗ ОҚУЛАР - 2017» бірлескен ресейлік-қазақстандық жоба аясында өтіп отыр. Жоба жетекшісі - Ленинград облыстық балалар кітапханасының жетекші маманы Степанова Людмила Валентинова.

22 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының кішкентай оқырмандар қауымы мен кітапханашылар корпорациясы жаңадан шыққан заманауи ресейлік балалар кітабы топтамасымен танысу мүмкіндігіне ие болды.  Орыс авторларының ең жақсы кітаптарының жинағы біздің аймақтың ауылдары мен қалаларының кітапханаларына саяхаттайтын болады.
Кездесуге оқушылар, колледж студенттері және мұғалімдер мен кітапханашылар келді.  Басқосудың қадірлі қонағы мәскеулік балалар жазушысы, Бүкілресейлік «КНИГУРУ» балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма байқауының лауреаты Лариса Романовская оқырмандармен өз идеялары мен жоспарларымен бөлісіп, қойылған сауалдарға жауап берді.

Ақжігітова Қабиба Мұрзақанқызы, А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапхана директоры:

Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Ленинград облыстық балалар кітапханасымен кәсіби ынтымақтастығы заманауи кітапханалық тәжірибені дамытуға, орыс және қазақ оқырмандарының жаңа ұрпақтарын, балалар мен ересектерді ұлттық және әлемдік ақпараттық және кітап оқу ортасына интеграциялау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Өскемен, Шемонаиха, Усть-Таловка, Ұлан аудандарының кітапхана мамандары Ленинград облыстық балалар кітапханасымен және Пушкин үйімен (РАН) бірге «Отбасылық оқу антропологиясы» зерттеуінің белсенді қатысушылары болып табылады. Олар жетекші мамандармен, Ленинград облыстық кітапханасының зерттеушілерімен бірге «Отбасылық оқу антропологиясы» атты ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, Шығыс-Қазақстанның оқырман және кітап мәдениетін Санкт-Петербургтегі кітаптар салонында таныстырды.

rossia kas 1 1 rossia kas 1 12 rossia kas 1 4 rossia kas 1 14 rossia kas 1 2 rossia kas 1 11

 

rossia kas 1 5

 

rossia kas 1 13

 

rossia kas 1 9

 

rossia kas 1 10

 

rossia kas 1 7

 

rossia kas 1 3

 

Байланысшы: Ашкенова Жансая ,тел.261 333 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26327387
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102