homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ"100 жаңа есім": Ержан, Қуаныш Жұмабековтар кітапханада
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

"100 жаңа есім": Ержан, Қуаныш Жұмабековтар кітапханада

Еліміздің еңсе көтеріп, егемендік алуына елеулі үлес қосқан тұлғалар аз емес. Оларды ұрпаққа ұлықтап, насихаттауда түрлі шаралар атқарылып жатқаны айқын. Солардың бірі күні кеше ғана барлығымыз әлеуметтік желілер де дауыс беріп үміткерлерді анықтаған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.  Өзіміздің облысымыздан 11 үміткер жеңімпаз атанған екен.

 Әр түрлі салада озық шығып, еңбегімен елге танылған азаматтар көпшіліктің дауысына ие болды. Солардың бірі өздерінің еңбекқорлықтарымен, алғырлықтарымен, өнерлерімен осы «100 жаңа есім» жобасына енген біздің Үржарлық жерлестеріміз, ағайынды Ержан мен Қуаныш Жұмабековтар 19 қаңтар күні кітапханада оқырмандармен кездесті.

Ержан Жұмабек – ақын, мемлекеттік «Серпер» жастар сыйлығының иегері, докторант.

Ержан өлең жазуды мектеп қабырғасынан бастаған. 2004 жылдан бері жазба өлеңдері қалалық «Семей таңы»  облыстық «Ертіс өңірі» республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жарияланып келеді.
2006 жылы М.О.Әуезов атындағы Семей университеті шығарған «Өсер өркен» жинағына бір топ өлеңдері енді. 2006, 2007, 2008 ж. Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері. 2012 жылы «Шексіздік шұғыласы» атты жыр жинағы жарық көрді. 2015 жылы «Мереке» баспасынан жарық көрген Қазақ поэзиясының 10 томдық «Жыр маржаны» атты антологиясына өлеңдері енді. 2015 жылы Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығын иеленді.
2017 жылы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түркия Республикасындағы Medeniyetin Burçları ұйымының қолдауымен Ыстамбұл қаласы Ezgi баспасынан «Sonsuzluk Şûlesi» атты кітабы түрік тілінде басылып шықты.

Қуаныш Жұмабек – қазақ тіліндегі туындыларды өзге тілде сөйлетіп жүрген, аудармашы.

2010-2011жылдар аралығында Малайзияның Куала-Лумпур қаласындағы UCTİ университетінде ағылшын тілін оқыған.
Шет тілдер және іскерлік карьера университетінде «шет тілі: екі шет тілі (ағылшын-түрік)» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алған. 2015 жылдан бастап Түркия Республикасы, Өмер Халисдемир университетінің докторанты. 4 тілді еркін меңгерген аудармашы, докторант 2015 жылы Анкарадағы «Bizim Büro» баспасынан ағылшын тілінде «Let’s Learn to Speak English» атты кітабы жарық көрген.


«Еңбектен, білім ал, кітап оқы» - деген өмірлік ұстаныммен жетістікке жеткен ағайынды жігіттер кездесуге келген қонақтарға өздерінің өмірлері мен қызметтері туралы ашық әңгімелесіп, оқырмандар сауалдарына жауап берді.

Zumabekov9 Zumabekov2 Zumabekov3 Zumabekov8 Zumabekov6
         

 

 

Байланысшы: Жансая Ашкенова

Байланыс тел.: 26-39-46(119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343947
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102