Поэзия, сен менімен егіз бе едің?
- Толығырақ
- Құрылды 09.02.2018 18:18
9 ақпанда кітапханада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия, сен менімен егіз бе едің?» атты қалалық оқушылар арасындағы Мұқағали оқулары өтті. Бұл өнер бәсекесіне «Тастүлек» ақындар сыныбы мен қалалық мектептерден жиыны 21 үміткер қатысып, ерекше оқу мәнерімен сахналық образына қарай 7 бала жүлделі орындарға ие болды.
Бас жүлдеге №33-орта мектебінен келген үміткер Бақытбек Айнұр ие болды, 1-ші орынды №35 орта мектептің оқушысы Қабдешова Еркежан иеленді. 2-ші жүлделі 2-орынды Кәдірбекова Мөлдір мен Құмарбек Дидарға бұйырды. Жүлделі 3-орынды №35-орта мектебінен келген үміткер Рыспайева Алтынай мен Ғаббасова Махаббат иеленді. Қалған 14 қатысушы арнайы дипломмен марапатталды. Тарих дөңгелегі алға жылжыған сайын Мұқағали өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, уақыт өткен сайын қадыр қасиеті де артып келеді, оны бүгінгі сайысқа қатысқан жасөспірімдердің Мұқағали өлеңдерін бар ынта-жігерімен оқып көрермен көңілін толқытқанынан-ақ көрініп тұрды. Бұл іс-шараның мақсаты да сол, жастарға ақындардың өлең-жырларын көп жаттатып, кітапқа деген құмарлығын арттырып, жасөспірімдердің рухани санасына ұлттың ұлылығын сіңіру, ұлыларға құрмет етуді үйрету үшін осындай іс-шаралардың маңызы өте зор.
| |
|
|
|
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26056578
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы