Сүйіспеншілікпен кітап сыйлаңыз
- Толығырақ
- Құрылды 14.02.2018 14:03
14 ақпан күні кітапханаға келген барлық оқырмандар үшін үй кітапханаларын жаңартып, қызығушылықтары бойынша достар шеңберін кеңейтетін күн болды.
Мерекеге «Алтын-Aй» мүгедек әйелдер қоғамдық бірлестігінің оқушылары, «В кругу друзей» клуб мүшелері мен қала мектептерінің оқушылары келді. Оқырмандар бір-біріне және кітапханаға кітаптарды сыйға тартты.
Тақырыптық кітап көрмесінде Халықаралық ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі қоры, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Гете институты, миссиясы халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту мен жәрдемдесу болып табылатын неміс үкіметтік емес ұйымдары ұсынған кітаптар орын алды.
ШҚМУ-нің профессоры, еңбек ардагері Федотова Людмила Андреевна мерекелік кездесуді ұйымдастырушыларға алғыс айтып, үй кітапханасындағы бірнеше кітаптарын кітапханаға сыйға тартты.
Мерекенің басты идеясы - адамдарға технология ғасырында да қағаз кітаптың ең құнды сыйлық болып қала беретінін тіпті, ол ешқашан өз құндылығын жоғалтпайтынын көрсету.
«В кругу друзей» клубтың мүшесі, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері, ШҚМУ профессоры Ленста Рахымжанова Аубәкірова, кітаптың қашанда нағыз дос және көмекші екенін жастарға тағы да айтты.
«PRO-чтение», «Отбасылық оқу» клубының мүшелері мен мерекені ұйымдастырушылар балаларды әрқашан көңілді жүріп, жақсы әдебиеттерді оқуға шақырды.
Кеш позитивті көңіл-күйге толы болды. Себебі: қонақтар кітап туралы өлеңдер оқып, ән шырқады, жүргізушілер оқырмандарды осы мереке тарихымен таныстыра отырып әр қатысушыға кітап сыйлады.
| |
|
|
|
|
Байланысшы: Валентина Райхел, тел.261 333, ішкі 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058007
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы