homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВФранцуз көктемі кітапханада
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Француз көктемі кітапханада

1 сәуірде 15.00-де кітапхананың Француз оқу залы қызықты іс-шара – Франкофония фестиваліне шақырады. Фестивальді Қазақстандағы Франция Елшілігінің Мәдениет және ынтымақтастық бөлімі (SCAC), Француз Альянстар желісі мен Қазақстандағы француз тілі оқытушыларының Ассоциациясы ұйымдастырды.
Француз тілі – махаббат, романтика, нәзіктік пен сүйкімділік тілі. Ал, әуендер әсерлі француз тіліне ерекше шабыт сыйлайды. Сезімталдық, құштарлық – француз тілінің әуезді ерекшелігін 1 сәуір күні сағ.15.00-де өтетін осы ғажайып мерекеде сезіне аласыз.

Франкофон әндерінің 10-шы мерекелік ұлттық конкурсы "Өскемен ГЭС-і", Қазақстандағы Бельгия Елшілігі, "Ив Роше" компаниясы, "Пицца-Блюз" және "Меломан" қолдауымен өткізіледі.
Франкофон әндері конкурсының жартылай финалына қатысуға өтінішті 18 жастан 28 жас аралығындағы талапкерлер бере алады. Жюри мүшелері - қаламыздың танымал адамдары мен белгілі музыканттары. Іріктеу конкурсының жеңімпаздары мен қатысушылары серификаттар және сый-тартулармен марапатталады. Қорытынды конкурс Астана қаласында өтеді. «Франкофон» категориясындағы жеңімпаз Франция қаласына саяхатпен марапатталады, ал, «нефранкофонға» Францияға авиабилет! Біз баршаңызды француз тілі мен әуендерін тыңдап, конкурсқа қатысушылардың өнерін тамашалауға шақырамыз.
Франкофония фестивалі – бұл француз тілінің ерекше әуезділігін көрсететін мереке. Бағдарлама аясында француз тілінде түрлі ойындар, викториналар, француз тілі олимпиадасы, француз әндерінің конкурсы ұсынылады.
Франция – ұлы жазушылар отаны. 2018 жылы ұлы ертегіші Шарль Перроның туғанына 390 жыл. Жазушы мерейтойына орай 17-22 сәуір аралығында кітапхананың жас оқырмандары үшін квест-ойындар станциялары бойынша қызықты саяхат жасалады.
Француз тағамдары – осы елдің тағы бір ерекшелігі. Ол нағыз кулинарлық классика және әлем талғампаздарының көңілінен шыққан дәм. Сондықтан фестиваль аясында әртүрлі француз тағамдары әзірлеуде өз шеберлігін көрсеткен қатысушылардың бейне-жазбалар конкурсы болады. Оларды белгілі париждік шеф-повар Эльдар Кабири бағалайды.
Баршаңызды жастық шақ, талант пен әсемдік мерекесіне шақырамыз. Мұнда Сіздер француз музыкалық мәдениетімен танысып қана қоймай, Франция атты романтикалық тамаша феерияға куә боласыздар...


Байланысшы: Маргарита Пашова
Тел.: 261-333, 87052388224

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26350079
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102