homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВДепутаттар мәдениет қызметкерлерімен кездесті
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Депутаттар мәдениет қызметкерлерімен кездесті

Бүгін кітапхана, мұражай, архив, театр, филармония қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары М.М.Магеррамов, Н.Г.Микаелян және Өскемен қалалық әкімінің орынбасары О.А.Булавкинамен кездесуге біздің кітапхананың мәжіліс залына жиналды. 

Басқосуда Магеррам Мамедович, Наринэ Гамлетовна, Ольга Александровна өздерінің қызмет бағдары жайында әңгімелеп, ҚР Парламенті мен Үкіметтің қарапайым адамдар, жастар мен студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарын баяндады.
Мәдениет қызметкерлері техникалық (қара жұмыс) жұмыс атқаратын және шығармашылық қызметпен айналысатын қызметкерлердің еңбек ақысының аздығы туралы мәселе көтерді. Кітапханашылар кітапхана туралы заңның қажеттілігі жөнінде ұсыныс білдірді, яғни, қабылданған заң кітапханашылардың, сондай-ақ, кітапхана қызметінсіз қалатын ауыл тұрғындарының мүддесін қорғайтын болады, өйткені, таяу арада облыс ауылдарындағы 245 ауылдық кітапхана жабылады деп күтілуде. 
Депутаттар ауыл тұрғындарының мүддесін қорғап қалу үшін бар күш-жігерін жұмсайтынын айтып, уәде етті. Кездесу соңында А.С.Пушкин атындағы кітапхана директоры К.М.Ақжігітова қонақтарға естелік сый-тарту ұсынып, кітапхана қызметінің тың жаңалықтарымен таныстырды.

mazhlis 2 mazhlis mazhlis4 mazhlis6 mazhlis5 mazhlis3

 

 Байланыс тел.: 26-39-46

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26351618
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102