Рухани жаңғыру: Білім беру саласындағы онлайн-қызметтер
- Толығырақ
- Құрылды 19.04.2018 00:22
Білім беру саласында кейбір қызметтерді үйден шықпай-ақ пайдалануға болатынын білеміз бе? Егер білмесеңіз, 25 сәуірде А.С. Пушкин атындағы кітапханада сағат 14.00-ден 18.30-ға дейін өтетін «Білім беру саласындағы онлайн мемлекеттік қызметтер және ақпараттар» акциясына келіңіздер. Акция электрондық үкіметтің www.egov.kz порталында ұсынылған білім беру саласындағы электрондық мемлекеттік қызметтерді түсіндіруге арналған.
Акция барысында барлық тілек берушілер электрондық үкімет туралы мағлұмат алады, ал, Өскемен қалалық білім бөлімінің өкілдері өздерінің онлайн қызметтері туралы әңгімелейді. Мысалы, үйде / жұмыста / кітапханада тегін тамақтануға өтініш беру, мектепке тіркелу, білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру, баланы балабақша кезегіне қою т. б.
Пушкин кітапханасында интернетке қосылу тегін болғандықтан кез-келген іс-шараға қатысушы іс жүзінде онлайн қызметтерді алу мүмкіндігіне ие болады.Қажет болған жағдайда, кітапхана қызметкерлері тегін тренингтер жүргізіп, электрондық үкімет порталында жұмыс істеуді үйретеді, электрондық сандық кілтті алуға көмектесіп, әртүрлі куәліктерді алып, есептерді жүргізу және т.б. қызмет түрлерін көрсетеді.
Кітапханалық акцияның басымды міндеті - электрондық үкімет порталында мемлекеттік онлайн-қызметтерді алуда халықтың цифрлық дағдылары мен құзыреттілігін дамыту болып табылады. Цифрлық дағдыларды дамыту - әрбір қазақстандықтың бәсекеге қабілеттілігі компоненттерінің бірі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы аясында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруда түсіндіреді.
Сондықтан кітапхана болашақта осындай бәсекеге қабілеттілікті арттыру және азаматтардың мемлекеттік және электрондық қызмет түрлерін сауатты пайдалануды үйрететін акцияларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.
Байланысшы: Рахимбаева Бахтылы, тел. 261333, вн. 119
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343444
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы