homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРухани жаңғыру: Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Рухани жаңғыру: Қасым Қайсеновтің туғанына 100 жыл

4 мамыр 2018 жылы 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, есімі аңызға айналған әйгілі барлаушы-партизан, халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі» атты Ерлік сабағы өткізіледі. Кездесу Жеңіс Күні құрметіне арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақаласында патриотизм «халықты шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі» - деді. Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың бүкіл саналы ғұмыры мен ерлік жолы шынайы патриотизмнің, туған жерге деген шексіз сүйіспеншілік пен халқына адал қызметтің жарқын үлгісі.

Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов баһадүр бабалары Қабанбай батыр мен Барақ батырдың ерлігінің ізін жалғастырған айбынды жауынгер. Қасымды қазақ топырағы ғана емес, украина халқы да қастерлеп, оның Ұлы Отан соғысының отты жылдарында елімізді жаудан азат ету жолындағы өшпес ерлігін ұмытпай, есте сақтайды. Әскери архивтер біздің батыр жерлесіміздің Молдавия, Украинаның Закарпат бөлігі, Чехословакия мен Румыния жеріндегі ерлігі туралы көптеген маңызды оқиғаларды сақтаған. Кездесуде Украинаның Ұлттық және Тарихи кітапханаларының өкілдері онлайн байланысқа шығып, Киев кітапханалары қорларында сақталатын Қазақстандық партизанның ерліктері туралы материалдар ұсынылады.
Майданнан елге оралғаннан кейін Қ. Қайсенов Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының аппаратында қызмет атқарып, Жамбыл облысының Жуалы және Свердлов аудандары атқару комитеттері бастығының орынбасары, «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы болды. 1954 жылы Қ. Қайсеновтың алғашқы «Жас партизандар» кітабы жарық көрді – осы кезден бастап майдангер-жазушының әдеби қызметі басталды.
Қазақстан халқының бірнеше ұрпағы ерлік пен патриоттық сезімге құрылған “Илько Ветряк”, “Переяслав партизандары”, “Ажал аузынан”, “Жау тылындағы бала”, “ Днепрде”, “Жау тылында” кітаптарын оқып өсіп-өнді. Қасым Қайсенов кітаптарының кейіпкерлері қиын-қыстау сәттерде ерлік пен қайсарлықтың үлгісін көрсеткен жандар. Ол туралы кітапхана қызметкерлері тақырыптық көрме, аудио және бейне жазбалар арқылы әңгімелейді.
Автордың жеке хатшысы - танымал карикатурист Еркін Нұразхан кездесу қатысушыларына танымал жерлесіміздің өмірінің соңғы жылдарындағы естеліктермен бөлісіп, арнайы бейнежазба жолдайды.
Қонақтар назарына ШҚ облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Қасым Қайсеновтің өзі тапсырған жеке заттары көрсетіліп, облыстық драма театр әртістері Қасым ағаның жұбайымен сұхбатынан қойылым көрсетеді.
Ерлік сабағына ардагерлер мен әйгілі партизан өмірін жақсы білетін адамдар қатысады. Кездесу қонақтары даңқты жерлестерімен рухани қауышып өз әсерлерімен бөлісе келе, оның ерлігі мен өмірінің қызықты сәттерін еске алады.

Шығыс Қазақстан ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы Қасым Қайсенов құрметіне арналған Ерлік сабағы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар кешенінің маңызды оқиғасы. Өйткені Қасым Қайсеновтың қаһармандық бейнесі және Ұлт батырының шығармалары – қазақстандықтардың ұлттық рухын көтеретін құнды тарихи мұра. 

Байланысшы: Құдайбергенова Нургуль
Байланыс тел.: 26-39-46 (119)

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26350862
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102