Рухани жаңғыру: Қазақстанның әскери ісінің тарихы
- Толығырақ
- Құрылды 02.05.2018 16:23
2 мамырда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында А.С.Пушкин атындағы кітапханада Қазақстанның әскери ісі тарихына арналған кездесу өткізіледі. Кездесуге мерзімді әскери қызмет жауынгерлері, кадет оқушылары және еліміздің әскери тарихына қызығушылар қатысты.
Кездесу А. К. Кушкумбаевтың «Военное дело казахов в XVII-XVIII веках» монографиясы, А. Тасбулатов пен К. Аманжоловтың Қазақстанның әскери тарихы туралы очерктері, М. К. Томпиев пен М. И. Уәлидің «Шекара шегін айқындау дәуірі/Эпоха обретения границ» атты қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптары негізінде әзірленді. Қатысушылар Қазақ хандығы аумағын қалыптастыру кезеңіндегі батырлар мен шайқастар, қолданылған қару-жарақтар, әскери тактикалар туралы мағлұматтар алды.
Жаңа кітаптар арасынан Берік Әбдіғалиұлының «Войско Алаш» кітабы ерекше, онда автор мемлекеттік архив құжаттары негізінде Алаш әскері тарихының негізгі белестерін, оның жоспарлары мен әскери құрамалары, әскери міндеттемелерін, ақ гвардияшылар және қызыл армиямен өзара байланысын сипаттап, баяндайды.
Сонымен бірге, кітап авторы, тарихшы және саясаткер Берік Бақытұлы Әбдіғалиевпен онлайн жүздесу болды. Мұнда автор жаңа кітабын әзірлеу барысында жүргізген зерттеулері, материал жинауға көмектескен серіктестері жайында әңгімелеп, ерекше әсерлері және тың жаңалықтарымен бөлісті.
Ал, еліміздің бүгінгі Қарулы Күштері қандай бағытта әрекет етеді? Қазіргі әскери өмір, Отан Қорғау Күні және Жеңіс Күні қарсаңындағы мерекелік шеруге әзірлік жайында Өскемен қаласының әскери бөлімдерінің өкілдері әңгімелеп береді. Осындай маңызды кездесулер жас ұрпақтың патриотизм, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдердін тәрбиелеп, Еліміздің әскери тарихын танып білу барысында жастардың жігері мен рухын көтереді.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26350079
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы