Рухани жаңғыру: Шет тілінен енген сөздерді жаңа әліпбиде таңбалаудың проблемалары
- Толығырақ
- Құрылды 10.05.2018 11:13
Кітапхана Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бағытытында жұмысын жалғастыруда.
16 мамырда, сағат 15.00-де кітапхананың жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығында «Шет тілінен енген сөздерді жаңа әліпбиде таңбалаудың проблемалары» екінші онлайн бейне-сабағы өтеді. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы онлайн байланысқа шығады.
Қазақ тілінің сөздік құрамында да басқа тілдердегідей кірме сөздер бар. Лингвист- ғалым В.И. Кодухов атап көрсеткендей кірме сөздер тілдер мен мәдениеттердің өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табылады. Жаңадан кірген сөздерді қазақ тілінде қолдану үрдісі болашақта жалғаса бермек, өйткені кірме сөздер кез келген тілдің сөздік қорын байытудың бір түрі болып табылады, ал қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өз мәртебесін алғаннан кейін дамудың белсенді кезеңінде.
А.М. Фазылжанова кездесуде тіл мамандарына басқа тілдерден кірген сөздерді жазудағы қиындықтар туралы түсіндіріп береді.
Басқосуға жоғары оқу орындарының, колледждердің және жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары, филологтар, филология факультетінің студенттері шақырылады.
Онлайн байланыс арқылы қатысушылар жаңа әліпбидегі өзгерістер туралы қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттаса алады. Интернет-сабаққа облыстың орталық және қалалық кітапханалары қосылады.
А.Фазылжанованың алғашқы үш бейнесабағы кітапхананың веб-сайтында www.pushkinlibrary.kz. ұсынылған. Бұдан кейінгі өтетін барлық сабақтары Интернет желісінде қолжетімді болады.
Байланысшы: Ашкенова Ж.С., 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341443
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы