Шет тілінен енген сөздерді жаңа әліпбиде таңбалаудың проблемалары
- Толығырақ
- Құрылды 16.05.2018 17:06
Кітапхана Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіру бағытында жұмысын жалғастыруда. 16 мамырда кітапхананың жаңа әліпбиді оқып-үйрену Орталығында «Шет тілінен енген сөздерді жаңа әліпбиде таңбалаудың проблемалары» онлайн бейне-сабағы өтті.
Дәрісті Алматы қаласындағы А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызы жүргізді.
А.М. Фазылжанова кездесуде тіл мамандарына басқа тілдерден кірген сөздерді жазудағы қиындықтар туралы түсіндіріп берді.
Фазылжанова Анар Мұратқызы:
«Қазіргі кезде А. Байтұрынов атындағы тіл білімі институтының мақсаттық бағдарлама аясында қазақ тілінің жаңа емле ережелерінің ғылыми негіздерін әзірлеп жатыр. Осы жұмысты аяқтаған соң, ереженің өзіне отырамыз. Сол кезде бүгінге дейін орыс тілінен орфографиясын сақтап енген сөздерді, ағылшын тілінен тікелей енген сөздерді, орыс тілі арқылы басқа европа тілдерінен (француз, грек, испан) енген сөздерді қалай таңбалайтынымыз анықталады. Қазіргі кезде шет тілінен енген сөздерді жинақтап болдық, енді модельдерін шығарып жатырмыз».
Онлайн-дәріске ШҚ облыстық лингвистикалық орталығының мамандары, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері, филологтар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
А.Фазылжанованың алғашқы үш бейнесабағы кітапхананың веб-сайтында www.pushkinlibrary.kz. ұсынылған. Бұдан кейінгі өтетін барлық сабақтары Интернет желісінде қолжетімді болады.
Байланысшы: Жансая Ашкенова, 261333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы