6 маусым – А.С. Пушкиннің туған күні
- Толығырақ
- Құрылды 01.06.2018 08:03
6 маусым күні сағат 11.00-де кітапхана алаңындағы А.С. Пушкин ескерткішінің жанында ақынның туған күнін атап өтеміз. Биыл ақынның туғанына 219 жыл толады. Жыл сайын ақынның туған күніне орай жерлестеріміз оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өлеңдерін оқуды дәстүрге айналдырған.
Поэзия мерекесінің құрметті қонағы ақынның 200 жылдығына орай Мәскеу қаласында өткен «Ай да Пушкин» халықтық телеарналық жобасының жеңімпазы Нелли Ивановна Мельникова. «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің өкілдері ұлы ақынға арнаған өлеңдерін оқиды. «Возрождение» мектебінде шет тілдерін оқып жүрген студенттер өлеңдерін әр түрлі тілдерде оқиды. Тұрақты оқырмандарымыз кітапханадағы «В Кругу друзей» клубының мүшелері, ақын шығармашылығы туралы өз ойларымен бөліседі.
Еркін микрофон барлық тілек білдірушілерді ақын өлеңдерін және өлеңдеріне жазылған романстарды орындауға шақырады.
Біз барлық оқырмандарымыз бен қала халқын ақынның туған күнін атап өтуге шақырамыз.
Байланыс тел.: 608-980
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341006
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы