Балалық шақ мерекесі
- Толығырақ
- Құрылды 01.06.2018 16:35
Бүгін кітапхана алдындағы алаңда кішкентай оқырмандарымыз үшін «1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне» арналған шара ұйымдастырылды. Мерекеге қаланың № 1, 3, 4, 5, 25, 35 және «Шығыс» мектептерінің оқушылары шақырылып, олар тек қана концерттік шараның көрермендері ғана болмай, өздері де шығармашылық шеберханасында квиллинг, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасады.
Шахмат, дойбы мен асық сынды ұлттық ойын түрлерінен өткен сайыстарға балалар белсене қатысты. Қызықты ертегі әлеміне арналған түрлі-түсті кітаптар көрмесі жас бүлдіршіндерге өте ұнады. «Эксклюзив» үйірмесінің белсенді қатысушысы №25 мектептің 5 сынып оқушысы Айым Қалиеваның «Әлем Айымның көзқарасымен» жеке фото-көрмесі де көрермен көңілінен шықты.
ШҚО әлеуметтік қызметкерлер мен волонтерлерінің бірлестігінің қызметкерлері педагог-психолог Идришева Майгүл Ерғалиқызы мен логопед-дефектолог Байчинов Рауан Төлеуханұлы ата-аналар мен балаларға қажетті кеңестер берді.
Шара соңында концертке қатысушы ұл-қыздар мен бүлдіршін-бишілер «Алғыс хаттармен» марапатталды. Балаларға тәтті тосынсый болып, «КазЦинк» ЖШС ұсынған балмұздақтар таратылды.
| |
|
|
|
||
| |
|
|
|
|
|
Байланысшы: Жансая Ашкенова
Байланыс тел.: 26-39-46
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330983
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы