homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАкция "Пушкинді бірге оқимыз!"
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Акция "Пушкинді бірге оқимыз!"

Бүгін 6 маусым күні кітапханада  ақынның туған күнін атап өттік. Биыл ақынның туғанына 219 жыл толды. Жыл сайын ақынның туған күніне орай оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, өлеңдерін оқу дәстүрге айналған. Биылғы жылы кітапхананың  мәжіліс залында қала мектептері мен лицей оқушыларының қатысуымен «Пушкинді бірге оқимыз!» акциясы өтті.

Мәдени шараның мақсаты — Қазақстан халықтарының арасында рухани бірлікті, татулық пен ынтымақтастықты нығайту.  Поэзияға деген көпшіліктің ықыласын арттыру, әдебиетке, мәдениет пен өнерге қызығушылығын арттыру арқылы жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту, дарынды жастарға қолдау көрсету.
Шараның ашылуында Өскемен қаласындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің атташесі Ханов Андрей Александрович сөз алып, жас ұрпақ тәрбиесіндегі бұл дәстүрлі шараның рухани маңыздылығы ерекше екендігін атап өтті.
Поэзия кешінің қонақтары А.Пушкин шығармаларын қазақ, орыс және өзге тілдерде мәнерлеп оқып, ақын шығармаларына жазылған әндер мен романстарды орындады.
Акцияға қатысқын О.Бөкей атындағы № 44 лицей, дарынды балаларға арналған мектеп-лицей интернаты, № 45 мектеп, № 4 мектептің «Солнышко» мини-орталығы, «Исток» жеке меншік мектебі, «Возрождение» жексенбілік мектебінің оқушылары ақын өлеңдерін шабыттана оқығанда көпшілік ерекше ықыласпен тыңдады.

Сондай-ақ, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің өкілдері, жерлес ақын-жазушылар, тұрақты оқырмандарымыз кітапханадағы «В Кругу друзей» клубының мүшелері, ұлы ақынға арнаған өлеңдерін оқып,ақын шығармашылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

 Кітапхана алаңындағы ақын ескерткішінің маңында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер көрмесі және кішкентай оқырмандарымыз «Түрлі–түсті айшықтар» үйірмесінің мүшелерінің Пушкин ертегілерінің желісімен салған суреттерінен көрме ұсынылды.

Шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс­талды.

Акцияға қатысқан барлық оқушыларға талаптарыңы нұр жаусын, ақын рухы қолдап, оқуларың табысты, өмірлерің жемісті болсын демекпіз.

pusckin 1 1 pusckin 1 2 pusckin 1 3 pusckin 1 4 pusckin 1 5  pusckin 1 6 
 pusckin 1 7  pusckin 1 8  pusckin 1 9  pusckin 1 10  pusckin 1 11  pusckin 1 15
 pusckin 1 17  IMG 8982  pusckin 1 13  pusckin 1 12  pusckin 1 14  pusckin 1 16

  

Байланысшы:  Жансая Ашкенова

Байланыс тел.: 608-980

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335127
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102