Астана мені баурап алды...
- Толығырақ
- Құрылды 28.06.2018 14:22
2018 жылы 4 шілдеде сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Оқу залында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана мені баурап алды!» атты онлайн кездесу өтеді. Бұл кездесуге Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы, Ұлттық Ат спорты Федерациясының Президенті, «Ұлы Дала Қырандары» республикалық қоғамдық әлеуметтік-мәдени қозғалысының төрағасы, ҚР еңбек сіңірген қайраткер, жазушы, зерттеуші Сәдібек Түгел онлайн қатысады. Маңызды кездесуге Сәдібек Түгелді таңдауымыздың себебі қоғам қайраткерінің барлық өмірі Астанамен байланысты.
Біздің жерлесіміз – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының, Ақмола облысы, Целиноград ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, «2017 жылдың қорытындысы бойынша үздік қоғам қайраткері» номинациясының иегері, «2017 жылғы Қазақстанның халық сүйіктісі» ұлттық жүлдесінің иегері.
Сәдібек Түгел – Астана қаласының тұңғыш баспасөз хатшысы. Ол жаңа Елорда баспасөзінің негізін қалаған азамат. Оның идеясымен «Астана қаласының халықаралық баспасөз орталығы» ұйымдастырылды. «Өмірден ерте өткен Елордалық дарынды қаламгер-журналистерді еске алу», еліміздің ең көрікті жерлерін аралайтын баспасөз саяхаттарын ұйымдастырушы. Керемет жобалардың жүзеге асуының басы-қасында болып, қаланың жетістектері мен жеңістеріне куә болды. Оның қолында Елорданың алғаш қарыштап даму сәттерінен барынша мол мағлұмат беретін архив құжаттары сақталған. Көрікті және ертегі шаһар Астананың 20 жылдық тарихынан өзіндік орын алған азамат.
Жаңа Астана жетістіктерін баспасөз беттерінде жариялағаны үшін Елбасы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының, Журналистика саласы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің грант иегері.
20 дан астам кітаптың авторы. Сол кітаптардың көпшілігі Астана туралы. Соның қатарында «Көк Күмбезді-Астана» = «Астана- Город Солнечной мечты», «Астана- Триумф Независимости страны» = «Астана-жерұйығы Елімнің»,«Алғашқы астаналықтар» = «Первопроходцы Астаны» жинақтары, «Астана хикаялары» «Астана қаласы баспасөзінің шежіресі», Астана-журналистикасының шежіресі.
Онлайн кездесуге мектеп оқушылары, қоғам қайраткерлері, оқырмандар қатысады. Сәдібек Түгелдің жаңа елордамыз – Астанаға келуі, атқарған жұмыстары, алған әсерлері туралы оқырмандар бірнеше сұрақ қойып, әcерлі жауаптар алады.
Кездесу соңында әнші Гуля Касенова, 35 мектептің вокалды тобы Астана туралы музыкалық сәлем жолдайды.
«Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында өтетін осындай кездесулер жас ұрпақтың туған жерге деген патриоттық сезімін оятары сөзсіз. Жерлес-жазушы мен өтетін он-лайн кездесуге барлық қызығушылық танытқан оқырмандарды шақырамыз.

Байланысшы: Уалханова Р. Н., тел.: 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |

+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы