Күршім аудандық кітапханасында білім орталығы ашылды
- Толығырақ
- Құрылды 28.06.2018 11:08
Қазіргі уақытта еліміздегі басты рухани құндылықтарды айқындайтын, ұлт руханиятын ХХI ғасыр биігіне көтеретін, сонымен қатар ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасы кітапхана саласына да көптеген жаңа міндеттер артты.
Елбасы «Болашақ – білімді ұрпақ қолында» деп атап көрсеткеніндей, мемлекетіміздің өркениетті даму деңгейіне жетуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Күршім аудандық кітапханасы – оқырмандарды білім нәрімен сусындатқан рухани қазына орталығы. Еліміздің тағдыры өсіп келе жатқан ұрпақтың біліктілігі мен білімділігіне байланысты десек, аудандық кітапхана – заман талабына сай білім мен ғылымның, шығармашылық және мәдени дамудың, ақпараттық жетістіктерін насихаттауда ел игілігіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мәдениет ордасы. Күршім ауданда бүгінгі таңда 22 кітапхана жұмыс істеп тұр. Аудан бойынша кітап қоры -185396 мың дана болса, оқырмандар саны - 11709.
27 маусым күні Күршім аудандық кітапханасында заман талабына сай «Білім орталығының» ашылу салтанаты өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ашылып отырған бұл орталық жастардың шығармашылық, оқу бағдарламалары аясындағы жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Орталықтың басты ерекшелігі – жылдам интернет, адамдардың жайлылығы мен емін-еркін сұхбаттасуына жасалған жағдай.
Осы жобаның шеңберінде қазір елімізде кітапханалар уақыт талабына сай білім орталықтарына айналдырылып, комьпютермен жабдықталып, электронды үлгіге көшірілуде. Бұл кітаптың, түрлі әдебиеттердің қадірін арттырып, көпшіліктің өз уақытын тиімді пайдалануына мол септігін тигізері сөзсіз. Технологиялық жетістіктерді адам игілігіне тиімді пайдаланудың бір үлгісі де осы болмақ. Іс-шара барысында Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана сайтымен, « Біздің Абай» электронды кітапханасымен, өлкетану ресурстарымен А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының мамандары таныстырса, аудандық кітапхана мамандары кітапханада өткізілетін «Ағылшын тілін үйренеміз!», «Менің сүйікті кейіпкерлерім», «Қолөнер» үйірмелері, «Кел оқиық» әдеби клубының жұмыстары туралы айтып берді.
Ашылу салтанатында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Вице-президенті, филология ғылымдарының докторы, «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнес Қабдолқайырұлы филология ғылымдарының докторы, профессор, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Тіл мәдениеті бөлімінің Бас ғылыми қызметкері Момынова Бағдан Қатайқызы сөз алып күршімдіктерді құттықтап ізгі лебіздерін білдірді.
| |
|
|
|
|
Байланысшы: Ашкенова Ж.
Байланыс тел.: 26-39-46 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы