"Рухани жаңғыру" : Зейнолла Қайсеновке – 80 жас
- Толығырақ
- Құрылды 05.09.2018 14:27
11 қыркүйек 15.00-де Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кітапханада тарихшы, этнограф, өлкетанушы Зейнолла Қайсеновтың туғанына 80 жыл толуына орай шығармашылық кездесу өтеді.
Зейнолла Әбдікәрімұлы 1938 жылдың 5-ші қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Тарғын ауылында дүниеге келген. 1947-1957 жылы Тарғын орта мектебін бітіріп, Кемерово қаласындағы №3 техникалық училищеде оқыды. 1961-1963жж. Өскемендегі (ВНИИЦветмет) мекемесінде жұмыс істеген. 1963-65 жылдары. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1966-2000 жылдар аралығында Ұлан ауданы және Өскемен қаласының мектептерінде 34 жыл бойы ұстаздық қызмет атқарып, облыстың этнографиясын зерттеу жұмыстарымен ұштастырған. Өлкеміздің өткендегі тарихынан, осы өлкені мекендеген ақындар мен батырлардың өмірлерінен, Наймандар шежіресінен, Ұлан тарихынан көптеген мағлұматтар жинады. З.Қайсеновтың кітапхана қорында бірнеше кітаптары бар. Олар «Шығыс Қазақстанның тарихи очерктері», «Ұлан ауданының тарихи очерктері», «Найман жежіресі», «Найман шежіресі мен руларының тарихы». Қазіргі кезде Найман тайпасының тарихы мен шежіресін зерделеген тағы екі кітапты баспаға дайындап отыр.
Кездесуге облысқа танымал журналистер Ш. Әзмұхамбетов, Ә. Қаңтарбаев, О. Елубай, Ұлан ауданынан жерлестері шақырылып отыр. Кездесуде «Өнегелі өмір» атты деректі фильм көрсетіледі. «Жеті атасын білген ер-жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөзіміз бар. Ендеше жеті атасы емес, жетпіс атасын түгендеп жүрген тарихшы, этнографпен кездесуге келіңіздер!
Байланысшы : Уалханова Рақия Нұралықызы тел. 261333.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341531
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы