Рухани жаңғыру: «Қазақстан және Мен»: Конституция Күніне арналған кітап көрмесі
- Толығырақ
- Құрылды 29.08.2018 17:30
Конституция Күні қарсаңында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің кітапханада «Қазақстан және Мен» атты көрме-репортаж ұйымдастырылды. Көрмеде еліміздің Ата Заңы – Конституцияға байланысты деректер ұсынылды.
Конституция – мемлекетіміздің құндылықтары мен биік мәртебесін көрсететін маңызды құжат.
Қазақстанның Ата заңы 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда қабылданды. Біздің еліміз қазіргі заманға дейін сонау сақтар, ғұндар, қыпшақтар мен моңғолдар дәуірінен бері саяси дамудың небір күрделі кезеңдерінен өтті. Сонымен, кітап көрмесі еліміздің көне дәуірден бастап ХХІ ғасырдағы зерттеулермен аяқталатын конституциялық даму жолына тарихи экскурс жасауға мүмкіндік береді.
Мысалы, алғашқы дала заңдарының қалыптасу тарихы жайында ғалым Еркін Әбілдің «Политическая организация кочевников Казахстана», «Қазақстан мемлекеті мен құқығы тарихы» / «История государства и права Казахстана» кітаптарында зерттеліп, баяндалған. Осы экскурсті Конституцияның мәні мен маңызы, Қазақстанда заң ғылымдарының дамуының тарихи-құқықтық ерекшеліктері, 1978, 1993, 1995 жылдары қабылданған Конституциялардың тарихы туралы мәліметтер жалғастырады. Мысалы, Конституция тақырыбындағы оқулықтар қатарынан Заң ғылымдарының кемеңгерлері Г.С. Сапаргалиев, С.З. Зиманов, Ж. Баишев еңбектерін көрмеден табуға болады. Авторлар негізгі заңнамалық құжаттарды, құқық нормаларын талдап, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен салыстырып, олардың іс-тәжірибеде қалай іске асатынын түсіндіреді.
Көрмеге қызығушылық танытқандар «Заңгер», «Тураби», «Фемида», «Вестник Казахского национального университета им. Аль-Фараби», «Правовая реформа в Казахстане», «Закон и время», «Заң», «Юрист», «Экономика и право» тәрізді заңнамалық мерзімді басылымдардан еліміздің конституциялық дамуы туралы саяси қайраткерлер, құқық танушылар мен ғалымдардың ой-пікірін таба алады. Ал Конституция баптарының фотосуреттері түрлі-түсті иллюстрациялар ретінде көрсетілген «Қазақстан Республикасының Конституциясы» альбомы көрмеге ерекше рең берді.
Кітап көрмесі жанында Отан туралы өлеңдер оқылды. Үздік оқыған қатысушылар фото/видеоға түсіріліп, кітапхана сайты мен әлеуметтік желілерге қойылды.
Конституция – Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен саяси-құқықтық консолидациясын, ынтымақтастығы пен келісімін, біздің қоғамның рухани дамуын бекітетін Ата Заңымыз. Конституция күнімен құттықтай отырып, елімізге береке-бірлік тілейміз!
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26342096
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы