«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» : тарихшы-өлкетанушы Зейнолла Қайсенов 80 жаста
- Толығырақ
- Құрылды 12.09.2018 10:09
11 қыркүйек күні кітапханада Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында тарихшы, этнограф, өлкетанушы Зейнолла Қайсеновтың туғанына 80 жыл толуына орай шығармашылық кездесу өтті. Кездесуге жерлес ақын-жазушылар, журналистер, тарихшылар, мемлекеттік қызметкерлер, оқушылар мен студенттер келді.
Уалханова Рахия Нұралықызы, библиограф-маман - қонақтарды жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып өтті.
Зейнолла Әбдікәрімұлы 1938 жылдың 5-ші қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Тарғын ауылында дүниеге келген. 1947-1957 жылы Тарғын орта мектебін бітіріп, Кемерово қаласындағы №3 техникалық училищеде оқыды. 1961-1963жж. Өскемендегі (ВНИИЦветмет) мекемесінде жұмыс істеген. 1963-65 жылдары. Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. 1966-2000 жылдар аралығында Ұлан ауданы және Өскемен қаласының мектептерінде 34 жыл бойы ұстаздық қызмет атқарып, облыстың этнографиясын зерттеу жұмыстарымен ұштастырған. Өлкеміздің өткендегі тарихынан, осы өлкені мекендеген ақындар мен батырлардың өмірлерінен, Наймандар шежіресінен, Ұлан тарихынан көптеген мағлұматтар жинады.
З.Қайсеновтың кітапхана қорында бірнеше кітаптары бар. Олар «Шығыс Қазақстанның тарихи очерктері», «Ұлан ауданының тарихи очерктері», «Найман жежіресі», «Найман шежіресі мен руларының тарихы». Қазіргі кезде Найман тайпасының тарихы мен шежіресін зерделеген тағы екі кітапты баспаға дайындап отыр.
|
|
|
|
|
|
|
Байланыс тел.: 261-333
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26058701
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы