Қазақ тілінің жаңа әліпбиімен диктант
- Толығырақ
- Құрылды 12.09.2018 11:08
14 қыркүйек 2018 жылы сағат 15.00 де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасында атап өтілген Өскемен қаласының 298 жылдығы, сондай-ақ, алдағы Тілдер Күніне орай диктант ұйымдастырылады. Диктант мәтініне Өскемен бекінісінің ХІХ ғасырдағы даму тарихынан үзінді алынды.
Бұл диктанттың ерекшелігі – диктант алғаш рет қазақ тілінің жаңа әліпбиі – латын харпімен жазылады. Мәтінге Астана қаласындағы «Тіл қазына» орталығының маманы Анар Мұратқызы Фазылжанова талдау жүргізеді. Диктанттан кейін қатысушылар осы талдау бойынша, жіберген қателерін жөндеп, жаңа әліпбиді оқып-үйрену дағдыларын бекітеді.
Сонымен бірге, дикант жазушылар Өскемен қаласының өткен тарихы –19 ғасырдағы Синьцзянь, Кашмир, Тибетпен сауда-саттық, Семей, Өскемен, Зайсан арқылы орыс-моңғол саудасы, Ертіс бойында алтын өнеркәсібінің дамуы, алғашқы мәдениет мекемелерінің ашылу тарихынан мағлұматтар алады.
Диктант жазуға студенттер, мектеп мұғалімдері, жоғарғы оқу орнының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысады.
Байланысшы: Сақыбаева Шекер Нұрғалымызы,
тел. 261333, ішкі 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341272
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы