Рухани жаңғыру: Қазақ тілінің жаңа әліпбиімен диктант жазамыз
- Толығырақ
- Құрылды 14.09.2018 15:57
14 қыркүйек 2018 жылы сағат 15.00 де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханасының «Қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену» орталығында өткен мереке Өскемен қаласының 298 жылдығы, сондай-ақ, алдағы Тілдер Күніне орай диктант ұйымдастырылды.
Бұл диктанттың ерекшелігі – диктант алғаш рет қазақ тілінің жаңа әліпбиі – латын харпімен жазылды. Диктанттан кейін қатысушылар Тіл мамандарының көмегімен мәтіндегі «синьцзян», «экспедиция», «гумбольд» т.б. сөздерін талдап, жаңа әліпбиді оқып-үйрену дағдыларын бекітті.
Сонымен бірге, диктантқа қатысушылар Өскемен қаласының өткен тарихы –19 ғасырдағы Синьцзянь, Кашмир, Тибетпен сауда-саттық, Семей, Өскемен, Зайсан арқылы орыс-моңғол саудасы, Ертіс бойында алтын өнеркәсібінің дамуы, алғашқы мәдениет мекемелерінің ашылу тарихынан мағлұматтар алды.
Диктант жазуға студенттер, мектеп мұғалімдері, жоғарғы оқу орнының оқытушылары, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Байланысшы: Сақыбаева Шекер Нұрғалымызы,
тел.: 261-333, ішкі : 123
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26343151
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы