homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Жүрек қалауы солай болған» кітап-альбомының тұсаукесері
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Жүрек қалауы солай болған» кітап-альбомының тұсаукесері

2018 ж. 19 қазанда сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Жүрек қалауы солай болған"/ "Так нам сердце велело» жаңа кітап-фотоальбомының тұсаукесері өтеді. Жаңа кітап – комсомол ұйымының 100 жылдығына орай шығарылған. Басылым 20-шы ғасырдағы Шығыс Қазақстандағы жастар қозғалысының өкілдеріне арналған.

Шығыс Қазақстан облыстық комсомол ұйымының ардагерлері бойларында жастардың энергиясын, идеалдарына деген адалдықтарын, рухани жанашырлығын сақтаған жандар. Олар өз бойларындағы асыл қасиет, өмірлік тәжірибесімен жастармен бөліседі.
«Жүрек қалауы солай болған/Так нам сердце велело» фотоальбомында комсомол ардагерлері өздерінің руханилығы, ынта-жігері, болашаққа деген шынайы сенімдері бейнеленген жастық шақтарының фотосуреттерін жинаған. Олардың табиғи болмысы, күш-жігері, қарым-қабілеті әр суреттен айқын аңғарылады. Уақыт қаһармандарының өміріндегі жарқын оқиғалардың үнсіз куәгерлері - альбомдағы фотосуреттер күнделікті өмірді, қуаныш, бақыт пен Отанымыздың ұлы істеріне қатысты сезімдерді көрсетеді.
Суреттердегі өткен жылдардағы шынайы тарихи оқиғалар, комсомол өмірінің ұмытылмас беттері бүгінгі жастарға ұрпақтар сабақтастығы, ата-аналар мен балалар арасындағы мақсаттар мен ой-пікірлердің бірлігін еске салары сөзсіз. Отан игілігі үшін атқарған еңбектерін комсомол ардагерлері өз ұрпақтарына фотоқұжаттар арқылы естелікке қалтырады.
Фотосуреттердегі тұлғалардың жүзіне үңіліп, олар үнсіз сақтап қалған сырды сезініп, ойлануға тырысайық.
Әрине, қонақтарды фотосуреттер түрінде тосын сыйлар күтеді. Мүмкін, фотосуреттерден өз жақындарыңыздың, ата-ана, ата-әжелеріңіздің суреттерін кездестіруіңіз ғажап емес.
Жаңа басылымның тұсаукесеріне қош келдіңіздер!

                                 Байланысшы: Алханова Раушан, тел. 608980

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26353418
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102