Жаңа әліпбиіде "Жалпыхалықтық диктант"
- Толығырақ
- Құрылды 14.11.2018 14:04
Бүгін 14 қараша күні республика көлемінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен "жалпыхалықтық диктант"ұйымдастырылды. Осыған орай, ШҚ облыстық Тілдерді дамыту Басқармасының басшылығымен біздің кітапхананың мәжіліс залы мен Coworking орталығында екі жүзге жуық адам жиналып латын графикасы негізінде диктант жазды. Іс-шараның мақсаты - жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгеруге дағдыландыру
Бүгінгі таңда ұлттық жаңғыру бағытында атқарылатын шаралардың бірі ретінде Елбасының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Елбасы бағдарламасын қолдау мақсатында кітапханада 2017 жылы желтоқсан айында қазақ тілінің жаңа әліпбиін оқып-үйрену орталығы ашылған болатын. Орталық ашылған күннен бастап лингвист-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызының қатысуымен онлайн бейнесабақтар, басқосулар өткізілуде. А.Фазылжанованың кітапханада өткізген барлық бейнесабақтары кітапхананың www.pushkinlibrary.kz веб-сайтында ұсынылған.
Байланысшы: Жансая Ашкенова тел.261 333 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26360058
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы